Атырау, 22 маусым 10:45
 дождьВ Атырау +20.4
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Алматы мен Қонаев арасында ауыр әскери техника жол апатына ұшырады

628 рет қаралды
Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК

Алматы - Өскемен автожолында әскери техниканың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы болғаны туралы "ҚазАвтожол" хабарлады.  

Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК

2025 жылғы 15 қаңтар сағат 13:40 шамасында “Алматы-Өскемен” автожолының оңтүстік бағытының 56 шақырымында “Цзефан” автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылы маңындағы өтпежолдан келе жатқанда тралдан екі бірлік әскери техниканы түсіріп алды. 

Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК

Нәтижесінде техника жүру бөлігіне аударылып, сүйемелдеп келе жатқан “Ssang Yong Actyon” автокөлігімен соқтығысты.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

15 қаңтар 2025, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.