“Антикорда Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына қатысты ешқандай іс жоқ.” Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды зауыттың телеграм арнасы.
Бұған дейін Ulysmedia ашық ақпарат алаңы өзінің ресми Telegram арнасында Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына қатысты айып тағып, дәлелсіз ақпарат таратқан еді. Бұл 80 жылдық тарихы бар кәсіпорынның іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, қоғамды жаңылыстыруға себеп болды.
Осыған байланысты Атырау мұнай өңдеу зауыты өз абыройын қорғау мақсатында аталған сайтты сотқа беретінін ресми түрде хабарлайды.
Біз барлық мүдделі тараптарды тексерілген және ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз.