Атырау, 12 желтоқсан 06:36
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Көлігін бес минуттан артық қыздырғаны үшін алғашқы айыппұл салынды

550 рет қаралды
Фото: Motor Page

Петропавл тұрғыны көлікті жылытқаны үшін айыппұл алғанын желіде бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Елімізде қыс уақытында көлігін 5 минуттан артық қыздыруға тыйым салынған. Кері жағдайда айыппұл қарастырылған. Бүгінгі таңда айыппұл сомасы — 19 660 теңгеге тең.

Аталмыш заң нормасының енгізілгеніне 20 жыл болған екен. Алайда осы уақыт аралығында ешбір азаматқа айыппұл салынбаған. Дегенмен биыл бұл норма қайта қарастырылып, қоғамдық резонанс тудырды.

Елімізде көлігін бес минуттан артық қыздырғаны үшін алғашқы айыппұл арқалаған азамат анықталды. Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жариялап, «мысқылмен» алғыс айтқан.

15 қаңтар, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.