Атырау, 19 наурыз 15:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

​«Ломбард ісі»: "Нұр-Али Капитал" басшысы әлі табылған жоқ

3 106 просмотра

«Ломбард ісін» соңғы кездегі ең ірі алаяқтық жоба деуге болады. «Гарант 24 Ломбард», «Estate Ломбард», «Выгодный займ», «Нұр-Али Капитал», «Выгодный депозит» және «ХоумАвтоИнвест» ЖШС арбауына тек атыраулықтар емес, басқа өңірдің тұрғындары да ілігіп қалған. Полиция әлі күнге дейін зардап шеккендердің санын түгендей алмай жатыр. Қазіргі ахуал туралы  «АЖ» материалынан оқыңыз.

ІІМ мәліметі бойынша, Қазақстанның түкпір-түкпірінен полицияға 8 мыңнан астам адам арыз түсірген. Келген зиян көлемі 10 млрд теңгеге жетті.

- Иә, қазір департаменттің тергеу басқармасы «Гарант 24 Ломбард» ЖШС, «Estate Ломбард», «Выгодный займ», «Нұр-Али Капитал», «Выгодный депозит», «ХоумАвтоИнвест»  ломбардтарының заңсыз қызмет ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, - деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Осыған байланысты материалдық тұрғыда зиян шеккен барлық салымшыларды Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, №85 мекенжайы немесе телефондар арқылы тергеу басқармасына хабарласуларыңызды сұраймыз. 8 (7122) 98-21-55, 98-20-11, 98-20-72, 98-22-72, +7 702 743 21 11, +7 702 519 81 87.

Алаяққа алданған аудан тұрғындары тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімшесіне хабарласуына болады.

ҚАЗІР НЕ АНЫҚТАЛДЫ?

Қазір 42 күдікті адам анықталып, оның 19 сот санкциясымен қамауға алынды, соның ішінде төртеуі Атырауда.

Елді дүрліктіріп, күдіктілерді қамауға алғаннан кейін Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының салымшылары ұсталған басшыларды босату туралы ел Президентіне бейне үндеу жолдады. Егер оларды бостандыққа жіберсе, ақшаны тезірек тауып береді деген уәж айтты.

Сондай-ақ, 30 сәуірде Қазақстанға шетелден «ломбард  ісінің» басты фигуранттарының бірі, «Гарант 24 Ломбард» ЖШС құрылтайшысы, «ЕЅТАТЕ Ломбард» және «Выгодный займ»  басшысы Аслан МЫРЗАБЕКОВТЫҢ жеткізілгені белгілі болды. Ол ломбард кеңселеріне адамдар шабуыл жасағаннан кейін Молдова Республикасына қашып кетті.

- Әуелде қаржы пирамидасы Ақтөбе өңірінде бастау алып, ұйымдастырушылары да сол өңірдің тұрғындары болатын. Сондықтан олардың қатысуымен тергеу амалдары  Ақтөбе қаласында өткізілуде, - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі. - Сонымен қатар, аумақтық бөлімше тергеушілері алданған салымшылар мен ұрланған қаражатты анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Тергеу барысын ІІМ басшылығы ерекше бақылауына алды.

«Нұр-Али Капитал» ЖШС басшысы әлі қолға түскен жоқ, ал атыраулықтардың көпшілігі өз ақшалары мен автокөліктерін дәл осы ломбардқа салған. 

Фархат ӘБІЛОВ

6 маусым 2020, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.