Атырау, 14 қазан 12:55
 дождьВ Атырау +18.8
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

Атырауда

Нұрсаяда балабақшадан өрт шықты Атырауда

Нұрсаяда балабақшадан өрт шықты

12 ақпанда күндіз Нұрсая ықшамауданында жеке меншік балабақшаның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.  Ішінде 3-5 жастағы бүлдіршіндер болған. Бағына қарай, тәрбиешілер өрт сөндірушілер келгенше оларды ғимараттан шығарып үлгерді. Сурет 13 ақпан 2021, 11:31 3 413 рет қаралды
Нұрсаядағы жиын: жалдамалы үйлер сапасыз салынған Атырауда

Нұрсаядағы жиын: жалдамалы үйлер сапасыз салынған

Атырауда екі жыл бұрын Нұрсая ықшамауданында “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша 9 қабатты бірнеше үйден пәтер алған тұрғындар шу шығарды. Үйлерінің сапасыз салынғанына наразы болған олар қалалық билік өкілдерін шақырып, аулаға жиналды. Ол жерге «АЖ» тілшісі де барды. Сурет Бейнежазба 12 ақпан 2021, 15:50 3 866 рет қаралды
Құлсарыдағы кісі өлімі Атырауда

Құлсарыдағы кісі өлімі

10 ақпан күні түнде Жылыой ауданы Құлсары қаласында кісі өлімі болды - өзара жанжалдан кейін 30 жасар келіншек азаматтық некедегі 29 жасар жігітке пышақ сұғып алған. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. 12 ақпан 2021, 11:17 4 941 рет қаралды
«Фермерді өлтіру туралы іс»: үш туыс айыпталуда Атырауда

«Фермерді өлтіру туралы іс»: үш туыс айыпталуда

Жылыой ауданындағы мал бағатын Нұралы НҰРТІЛЕУОВТІҢ кісі қолынан қаза табуы тек қана Атырау облысын емес, барлық Қазақстанды шулатқан болатын. Жарты жыл уақыт өткеннен кейін, тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жетті. Сотталушылар орындығында – әкесі мен баласы және сол үйдің туысы болып келетін малшысы бар. Сұмдық қылмыс туралы толығырақ – «АЖ» материалында. 11 ақпан 2021, 22:23 3 876 рет қаралды
Мүйізін алу үшін қаншама киікті қырған Оқиға

Мүйізін алу үшін қаншама киікті қырған

6 ақпан күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер Геолог ықшамауданындағы тұрғын үйдің ауласында "ВАЗ-21014" маркалы екі көліктің ішінен барлығы 364 дана киік мүйізін тапты. Сурет Бейнежазба 11 ақпан 2021, 22:12 3 546 рет қаралды
​Жеңілдік мектеп пен балабақшаға емес – мейрамханаға Атырауда

​Жеңілдік мектеп пен балабақшаға емес – мейрамханаға

Атырау облысы COVID-19 бойынша «жасыл аймаққа» өтті, сол себепті, мысалы, кафе мен мейрамханалар түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат алды. Бұл, әрине, жақсы, бірақ балабақша мен мектеп қашан толық жұмыс істей бастайды? – деп сұрайды біздің оқырмандар. 11 ақпан 2021, 16:45 3 209 рет қаралды
Атыраулық блогерлер карантинмен ерте қоштасты Атырауда

Атыраулық блогерлер карантинмен ерте қоштасты

Атырауда мобильді топ өзара үздіктерді анықтаған “Жыл блогері” кеші өтіп жатқан мейрамхананы анықтады. Карантин шектеулеріне қарамастан бұл жерде 100-ге жуық Instagram-да танымал блогерлер мен өнерпаздар болған. Бәріне ғимаратты босатуға тура келді. 11 ақпан 2021, 16:22 2 823 рет қаралды
Боқаевқа берілген үш жыл «шартты» мерзім күшінде қалды Атырауда

Боқаевқа берілген үш жыл «шартты» мерзім күшінде қалды

10 ақпанда Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы Макс Боқаевтың өзінің және оның адвокаты Жанар СҮНДЕТҚАЛИЕВАНЫҢ әкімшілік қадағалауды алып тастау туралы жеке шағымдарын қарады. 11 ақпан 2021, 15:32 3 214 рет қаралды
Атыраудағы жұмыссыздық туралы мәлімет Атырауда

Атыраудағы жұмыссыздық туралы мәлімет

Azh.kz сайтында оқырмандар арасында «Қазір тұрақты жұмысыңыз бар ма?» тақырыбында сауалнама жүргізген едік. «Иә», «жоқ, мен жұмыссызбын», «өз кәсібім бар» деген үш жауап нұсқасы ұсынылды. Сауалнама ақпанның 3-нен 10-на дейін жүргізіліп, оған 857 адам қатысты. 11 ақпан 2021, 14:11 4 064 рет қаралды
​Ертеңнен бастап карантин жеңілдейді: кафе мен мейрамханалардың жұмысы түнгі 12-ге дейін ұзартылды Атырауда

​Ертеңнен бастап карантин жеңілдейді: кафе мен мейрамханалардың жұмысы түнгі 12-ге дейін ұзартылды

Шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысы шықты. Ертеңнен бастап кафе мен мейрамханалардың жұмысы 00.00-ге дейін ұзартылады. Қаулының мәтінін жариялаймыз. 10 ақпан 2021, 18:16 3 614 рет қаралды
Облыс жолдары көктайғақ Атырауда

Облыс жолдары көктайғақ

10 ақпан күні алдымен қар, іле шала жаңбыр жауып, жолдарда көктайғақ орын алды. Облыстық ТЖ мен ДП баспасөз қызмет өкілдері трасса бойының жабылмағанын жеткізді. Атырау-Доссор, Атырау-Құлсары трассасының бойында бірнеше көлік жолдан шығып кеткен. Әйтеуір, қаза болған ешкім жоқ.   Сурет Бейнежазба 10 ақпан 2021, 17:19 3 332 рет қаралды
Жеңіл жүрісті қыздарға пәтер жалдағаны үшін айыппұл салынды Атырауда

Жеңіл жүрісті қыздарға пәтер жалдағаны үшін айыппұл салынды

4 ақпанда түнгі сағат 3-тер шамасында Уәлиханов көшесінде орналасқан «Томирис» ықшам ауданының тұрғынынан 102 операторына шағым түсті. Әйел жалдамалы көрші пәтерде жеңіл жүрісті қыздардың түнде қонақтар қабылдап, көршілердің мазасын алатынына арызданды. 9 ақпан 2021, 16:46 3 585 рет қаралды
«Метан» автобустары маршрутқа шықты, бірақ бәрі емес Атырауда

«Метан» автобустары маршрутқа шықты, бірақ бәрі емес

Бұдан бұрын «АЖ» Атырауда метанмен жүретін қытайлық 170 автобустың арнайы газ құю бекеттері дайын болмағандықтан бірнеше ай бойы қаңтарылып тұрғанын хабарлаған еді. Биылғы қаңтар айының басында олардың тек 70-і маршрутқа шықты. 9 ақпан 2021, 16:17 2 794 рет қаралды
Атырауда жоғалып кеткен Наурызды іздестіріп жатыр Атырауда

Атырауда жоғалып кеткен Наурызды іздестіріп жатыр

Атырауда 5 ақпанда қала маңындағы Талқайраң ауылында жоғалып кеткен 29 жастағы Наурыз ӘЙТЕКЕШОВТІ іздеу жұмыстары жалғасуда. 50-ге жуық ерікті, полиция мен төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері әр үйді тінтіп шыққанымен, нәтиже болмай тұр. Сурет Бейнежазба 9 ақпан 2021, 12:44 3 507 рет қаралды
Құлсарылықтар билікке тұрғын үй нарығындағы жағдайды түсіндіру үшін Атырауға келді Атырауда

Құлсарылықтар билікке тұрғын үй нарығындағы жағдайды түсіндіру үшін Атырауға келді

8 ақпанда Құлсары қаласындағы бес қабатты 60 пәтерлік №27 үйдің 30-ға жуық тұрғыны Атырауда облыстық әкімдік ғимаратының алдына жиналды. Олардың айтуынша, апатты үй қазір адам тұратын жағдайда емес, ал мәселені шешу мүмкіндігін мемлекеттік органдардың әрекеттері жоқ қылып отыр. Сурет Бейнежазба 9 ақпан 2021, 12:02 3 045 рет қаралды