Атырау, 13 қазан 07:30
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Бизнеске үміт артқандар санаулы

1 947 просмотра

Атырауда пандемия салдарына байланысты бизнестің даму келешегі жоқ. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өткізген онлайн-сауалнаманың негізгі қорытындысы осындай.

Сауалнама өткен жылдың қорытындысы бойынша ұйымдастырылды. Оған облыстың әр түкпірінен 1932 кәсіпкер қатысты, олардың 90%-дан астамы шағын және микробизнес субъектілері. Бұлар -  қызмет көрсету (63%), сауда (17,3%), ауыл шаруашылығы (5,8%), көлік және логистика (4,3%) және т.б.

- Сауалнамаға жауап бергендердің 72%-дан астамы алдағы айларда бизнесті дамыту жоспарымыз жоқ деп жауап берді. 9,1%-ы шығындарды күрт азайтуды жоспарлап отырғанын, 7,2%-ы мемлекеттік қолдау шараларына жүгінуді, 4,6%-ы өз бизнесін жабуды жоспарлап отырғанын айтты. Тек 7,1%-ы ғана бизнестерін кеңейтуге ниетті. Облыста біздің санауымыз бойынша, 18 мың кәсіпкерлік субъектілері пандемия салдарынан түрлі дәрежеде зардап шекті, - дейді ӨКП директоры Абдолла ИДРЕСОВ.

Қызметкерлер 2020 жылдың наурызынан қараша айына дейінгі аралықта көп қысқарғаны байқалды. Бұл бірінші кезекте көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, содан кейін ойын-сауық, қоғамдық тамақтану, көлік, құрылыс салалары. Бизнестің негізгі проблемалары - кірістің төмендеуі, жалақы мен жалға алу ақысын төлеуге қаражаттың жетіспеушілігі болды.

Кәсіпкерлердің пікірінше, мемлекеттік қолдау шаралары жағдайды жақсартуға көмектесер еді: салық пен бюджет төлемдерінен босату, коммерциялық және жалдау төлемдерінен босату, қызметкерлерге әлеуметтік жәрдемақы төлеу, пайызсыз несие беру, ағымдағы несиелерді қайта қаржыландыру және т.б.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 ақпан 2021, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.