Атырау, 13 қазан 07:27
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жеңіл жүрісті қыздарға пәтер жалдағаны үшін айыппұл салынды

3 383 просмотра

4 ақпанда түнгі сағат 3-тер шамасында Уәлиханов көшесінде орналасқан «Томирис» ықшам ауданының тұрғынынан 102 операторына шағым түсті. Әйел жалдамалы көрші пәтерде жеңіл жүрісті қыздардың түнде қонақ қабылдап, көршілердің мазасын алатынына арызданды.

ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында №2 полиция пунктінің учаскелік инспекторлары сол пәтерде жезөкшелікпен айналысқан Түркістан қаласының екі тұрғынын анықтады. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы («Түнгі уақытта тыныштықты бұзу») бойынша хаттама толтырылды. Ал 48 жастағы пәтер иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабына («Көрінеу жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар ұсыну») сәйкес 218 775 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

- Бұдан басқа, пәтерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында, мәліметтер Атырау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына жолданады, - деді ПД.

Айнұр САПАРОВА

ПД ұсынған сурет

9 ақпан 2021, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.