Атырау, 13 қазан 05:18
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Аудан орталығы Құрманғазыда жағажай салынады

2 429 просмотра

Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат НҰРТАЕВ өзінің өткен жылы атқарған жұмыстарынан халыққа есеп берді. Оның баяндамасында сөз болған кейбір ақпаратты өздеріңізге ұсынамыз.

Бірлік ауылынан тәулігіне 30 тонна балық өндейтін цех салынды. «Осыған дейін ауланған балықтардың басым бөлігі шет елдерге мұздатылған, салқындатылған, қатырылған, кептірілген күйінде өңделіп, еуростандартқа сай жөнелтіліп келген еді». Былтыр экспортқа (Ресей Федерациясы, Грузия, Украина) 3361 тонна балық шығарылды.

Өткен жылы ауданда 2068 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, 675 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

49 елді мекеннің 48-і табиғи газбен қамтылды. Азғыр өңірінде әзірге тұрғындардың 50 %-ы «көгілдір отынға» қолы жетті.  

Жоспардан. «СевКаспий ФИШ» ЖШС инвестиция салу арқылы 10 милионнан астам балық шабақтарын қолдан өсіріп, Қиғаш өзеніне қайта жіберуді жоспарлап отыр. Құрманғазы ауылының Құрылысшы мөлтек ауданынан Болашақ мөлтек ауданына тікелей шығатын 2 автокөлік көпірі салынады. Сонымен қатар, Хиуаз, Орлы ауылдарына кірме және ішкі жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Байда, Приморье, Бірлік, Көптоғай ауылдарында клуб салынады.  Аудан орталығы Құрманғазыда орталық стадионды қайта жаңғырту, жағажай құрылысын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда.

Дайындаған Ляззат ҚАРАЖАНОВА

11 ақпан 2021, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.