Атырау, 13 қазан 05:22
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атыраулық блогерлер карантинмен ерте қоштасты

2 507 просмотра

Атырауда мобильді топ өзара үздіктерді анықтаған “Жыл блогері” кеші өтіп жатқан мейрамхананы анықтады. Карантин шектеулеріне қарамастан бұл жерде 100-ге жуық Instagram-да танымал блогерлер мен өнерпаздар болған. Бәріне ғимаратты босатуға тура келді.

- Осы бойынша мейрамхана әкімшілігінен түсініктеме алынып, ұйымдастырушылар анықталуда. Жиналған құжаттар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданады, - деді мобильдік топ өкілдері.

Айта кету керек, осы кештің ұйымдастырушылары мен мейрамхана әкімшілігі ғана емес, өнер көрсеткен өнерпаздар да жазалануы мүмкін.

Ал Instagram-нан мейрамханадан шығып кетуін өтінген блогерлер жеке үйге жиналып, кейін караоке-клубта бас қосып, шараны жалғастырғаны белгілі болды.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

11 ақпан 2021, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.