Атырау, 17 тамыз 23:11
 дождьВ Атырау +27.3
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

Мәдениет қызметкері қазынаның музыкалық жабдығын өзінікі деп санаған

2 748 рет қаралды
Көрнекі сурет

Атырау қалалық №2 соты ломбардқа 70 млн теңгеге музыкалық жабдықтар мен аспаптарды тапсырған мәдениет қызметкеріне үкім шығарды.

Атырау облысы мәдениет басқармасының «Ғылыми-әдістемелік жұмыс, халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі облыстық орталығының» пысықай қызметкеріне қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-тармағы («Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша тергелді.

Сот оның жалпы сомасы 70,9 млн теңгеге музыкалық жабдықтарды ломбардқа бергенін, ал алған ақшаны өзі иемденгенін анықтады.

Сотталушы кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фархат ӘБІЛОВ

11 ақпан 2021, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.