Атырау, 13 қазан 05:23
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Кіріс азайып, баға өсіп кетті

2 619 просмотра

Ресми статистиканы зерттеген кейде қызық. Ал біздің өмір сүру деңгейіміздің төмендегені цифрлармен қалай көрінетінін көріңіз.

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында жұмыспен қамту орындарында 10 948 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. 2020 жылғы 3-тоқсанда халықтың нақты ақшалай кірісі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8% төмендеді. Керісінше, баға өсіп кетті: азық-түлік тауарларының бағасы 12,6%, азық-түлік емес тауарлар - 5,3%, ақылы қызметтер - 3,9% өскен.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 668 теңгені құрады.

Жақында пайда болған халықтың әл-ауқатының жоғары екенін анықтайтын тағы бір көрсеткіш ретінде шекті мөлшерден артық зейнетақы жинақтарын айтуға болады. Осы жинақты қолдана алатын азаматтардың саны бойынша Атырау облысы республикада 5 орында (58 300 адам). Ал зейнетақы шоттарында жинақталған «артық» ақша бойынша біз 4 орында тұрмыз - 252,3 млрд. теңге.

Ал, облыста жаңа тұрғызылған үйдің шаршы метрінің құны - 326 107 теңге, екінші нарықта - 264 217 теңге, жалдайтын үйдің шаршы  метрі - 1766 теңгені құрайды.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 ақпан 2021, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.