Атырау, 13 қазан 05:20
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Самалдағы мектеп құжаттың толық дайын болғанын күтіп отыр

Сурет
3 013 просмотра

Өткен жылдың аяғында Самал ықшамауданында салтанатты түрде ашылған 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Бірақ қазір бос тұр, бұған карантин ғана себеп емес.

Кезекші сыныптарда оқу 9 қаңтарда басталып (бұл тек бастауыш 1-4-сыныптар, оған қоса мектеп бітіретін 9 және 11-сыныптар), бірақ 17 қаңтарда мектеп толық онлайн режимге көшті.

Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Аманбай ХУСЫНОВ:

- Бүгінде мердігер нысанды тапсырыс берушінің, яғни, қалалық білім бөлімінің балансына өткізіп жатыр. Бүкіл құжат халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тіркелуде. Бұдан басқа, олар СЭС арқылы өтуі тиіс. Құжаттар бәрі ресми тіркеліп болғаннан кейін, мектепті өз балансымызға аламыз, кезекші сыныптарда сабақтар жалғасады.

Сурет: dknews.kzСурет: dknews.kz

- Алдымен тиісті құжаттардың бәрін рәсімдеп, содан кейін балаларды мектепке қабылдауға болмады ма?

- Ата-аналар үйдің қасынан мектеп ашылды дегенді естіп, балаларын әкелді. Сондықтан біз келген балаларды журналға тіркеп, қабылдадық. Бүгінде 150 оқушының өтініші қабылданды. Құжаттарды рәсімдеу толыққанды аяқталғаннан кейін біз мектепті оффлайн оқуға ашамыз. Бұл жақын арада шешілетін мәселе.

Гүлсім СҮЙІНҒАРИЕВА

Суретті түсірген автор

12 ақпан 2021, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.