Атырау, 13 қазан 05:26
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Боқаевқа берілген үш жыл «шартты» мерзім күшінде қалды

2 425 просмотра

10 ақпанда Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы Макс Боқаевтың өзінің және оның адвокаты Жанар СҮНДЕТҚАЛИЕВАНЫҢ әкімшілік қадағалауды алып тастау туралы жеке шағымдарын қарады.

Естеріңізге салсақ, 22 қаңтарда Боқаев бостандыққа шығардан бірнеше күн бұрын Атырау қаласының №2 соты оған 3 жыл мерзімге әкімшілік қадағалау тағайындау туралы шешім қабылдады. Мұның тиісті тыйымдары бар «бостандықты шектеуден» (шартты түрде соттау) айырмашылығы шамалы.

Облыстық сот алқасы жеке шағымның екеуін де қанағаттандырмады.

Ж.Сүндетқалиеваның айтуынша, апелляциялық алқа судьясы Дина ТҰХФАТОВА шағымдарды қанағаттандыруға негіз жоқ екенін айтты, өйткені заң бойынша «экстремистік» баппен бостандыққа шыққандар бақылауға алынады.

- Сот барлық жазаның алынып тасталғаны туралы, жағымсыз мінез-құлқының жоқтығы туралы біздің уәжімізді ескермеді. Бұл шешім заңды күшіне енді және шағымдануға жатпайды. Оған белгілі бір шектеулер қойылды, егер оны бұзса, айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа тартылады. Бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру мерзімі де қарастырылған, - деді адвокат.

Естеріңізге салсақ, әкімшілік қадағалау ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 171-бабы бойынша белгіленген. Онда «әкімшілік қадағалау қауіпті қайталануы кезінде жасалған қылмыстары үшін, сол сияқты террористік немесе экстремистік қылмыстары, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстары үшiн жазасын өтеген адамдарға белгіленеді» делінген.

Осы мерзім үшін адам пробация қызметіне ай сайын белгіленуі керек, түнде үйінен шықпауы, қаладан және елден кетпеуі керек; сонымен қатар бірқатар шектеулер бар, оларды бұзғаны үшін нақты мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төнеді.

Макс Боқаев 4 ақпанда бостандыққа шықты. Ол 5 жыл түрмеде отырды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

11 ақпан 2021, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.