Атырау, 26 сәуір 19:33
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Нұрсаяда балабақшадан өрт шықты

Сурет
2 797 просмотра

12 ақпанда күндіз Нұрсая ықшамауданында жеке меншік балабақшаның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.  Ішінде 3-5 жастағы бүлдіршіндер болған. Бағына қарай, тәрбиешілер өрт сөндірушілер келгенше оларды ғимараттан шығарып үлгерді.

"Өрт туралы хабарлама сағат 15.46-да келіп түсті. Шақырту орнына жеткен кезде, бір қабатты «Зейнеп Амина» балабақшасының төбе жабындысының толық ашық отпен жанып жатқаны және ғимарат ішінде 13 баланы (жастары 3-5 жаc аралығында) 3 тәрбиеші далаға шығарғаны анықталды.


Өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 25 жеке құрам жұмылдырылды, 3 оқпан жұмыс жасады.  Өрт сағат 16:15 минутта оқшауланып, 16:23 минутта толықтай өшірілді.

Өрт салдарынан балабақшаның төбе жабындысы түгел жанып кетті.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде аталған балабақшадан екі метр қашықтықта орналасқан екі қатарлы коттедж үйге өрттің таралуына жол берілмеді. 

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген Атырау облысы ТЖД хабарламасында.

Өрттің тоқтың қысқаша тұйықталуы салдарынан болғаны болжанып отыр.

Сурет: Атырау облысы ТЖД 

13 ақпан 2021, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.