
Бұдан бұрын «АЖ» Атырауда метанмен жүретін қытайлық 170 автобустың арнайы газ құю бекеттері дайын болмағандықтан бірнеше ай бойы қаңтарылып тұрғанын хабарлаған еді. Биыл қаңтар айының басында олардың тек 70-і маршрутқа шықты.
Бұған білікті жүргізушінің тапшылығы себеп болған.
- Иә, қазір бар болғаны 70 автобус іске қосылды. Бұл проблема бір ай ішінде шешіледі, - деді «АЖ»-ға қалалық әкімдік.
Бұдан бұрын «АЖ»-да Атырауға «Теңізшевройл» тарту еткен Ankai маркалы 30 автобустың Ақтауға жалға берілгені хабарланып, бұл ақпарат наразылық тудырды.
Фархат ӘБІЛОВ
В Атырау +2