Атырау, 27 қараша 13:24
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

170 жаңа автобус қаңтарылып тұр

3 461 просмотра

Атырауда маусым айынан бері 7 млрд теңгеге сатып алынған қытайлық 170 автобус қаңтарылып тұр. Себебі, мұнайлы астанада метан құятын арнайы бекеттер жоқ.

Маусым айында «AkzhayikAvtopark» ЖШС «БРК-Лизинг» АҚ-нан «Yutong ZK» маркалы 170 автобус сатып алуға қаржылық лизинг келісімшартын жасады. Бұл қаражат тек автопарктің 5 жылдық кірісі есебінен қайтарылады. Дайындаушы зауыт Қытайда орналасқан.

Жаңа бір автобустың бағасы 40 миллиондай теңге. Тасымалдаушылардың бірінің айтуынша, ол газ құю кешенінің құрылысын өз мойнына аламыз деген билік өкілдерінің сөзіне сеніп, осындай сома жұмсаған. Бірақ Атырауға жаңа автобустар келгенде, газ құю кешені болмаған. Алайда ақпан айында Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ газ-метан құю станциясының құрылысына жер бөлінгенін, станция жабдықтарының Атырауда екенін мәлімдеген еді.

- 2020 жылдың ақпанынан тамызға дейін Атырау үшін автобус паркін жаңарту жөніндегі кешенді бағдарлама аясында «СарыарқаАвтоПром» зауытынан барлық, соның ішінде, экологиялық стандартқа сай келетін 170 заманауи автобус шығарылғаны баршаға мәлім, - деп жауап берді «АЖ»-ның сауалына қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. - Бастапқыда қалада газ-метан құю станциялары болмағандықтан, жобаны жүзеге асыру үшін метан газын құю кешендерін салу жоспарланды. Бұл нысанды салу «GazTradePartners» ЖШС-не тапсырылды, ол үшін Атырау қаласының әкімдігі тиісті жер учаскелерін бөлді.

Бірақ мердігер жұмысты жалғастырудан бас тартып, әрі қарай бұл міндетті «КөлікСервисКомпани» ЖШС өз мойнына алды.

- Қазіргі уақытта газ-компрессорлық жабдық сатып алынды, газ құю станциясының құрылысын толық аяқтау 2020 жылғы қарашаның аяғына дейін жоспарланған. Газ құю станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін маршрут жасауға және бекітуге тендер өткізіледі. Бұл мәселе Атырау әкімдігінің тұрақты бақылауында, - деп хабарлады әкімдік.

Фархат ӘБІЛОВ

9 қазан 2020, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.