Атырау, 16 қараша 12:23
 дождьВ Атырау +2.4
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41

​Атырауда телефонға байланысты даудан кейін ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды

30 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Атырауда ломбардта кепілде тұрған сағатын сақтап қалмақ болған 28 жастағы азаматтың әрекеті 3 жылға темір торға қамалуына дейін жеткізді. 

Оқиға ер адамның есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалуынан басталған. Келесі күні-ақ ол камерада бірге отырған адаммен төбелесіп, үстіне тағы 15 тәулік жамап алған. 

Бұл аралықта ұялы телефонсыз қамауда отыру азаматты тығырыққа тірейді: өйткені Huawei G5 смарт-сағатының кепілдік мерзімі өтіп бара жатқан еді. Гаджеттен біржола айырылып қалмау үшін кепіл мерзімін шұғыл түрде ұзарту қажет болды. 

Қамауға алынған азаматтың айтуынша, арнайы қабылдағыш бастығының орынбасары Ринат Сисенов оған телефонды пайдалануға рұқсат беріп, бұл туралы кезекшіге ескерткенін айтқан. Дегенмен кезекші инспектор, полиция капитаны Ғалымжан Нұрмұхамбетов ішкі тәртіпті және басшылық тарапынан өкім болмағанын алға тартып, ұялы телефонды беруден бас тартады. 

Арнайы қабылдағыш қызметкерлерінің мұндай әрекетіне ашынған азамат өзін ұстай алмай қалады: полиция қызметкерінің айтуынша, қамаудағы адам оны жұдырықпен екі рет ұрған. Ал қамаудағы ер адамның айтуынша, төбелесті бірінші болып кезекші инспектор бастаған екен.

Инспектордың түсіндіруінше, жанжал кезінде қамаудағы азамат өзінің қолын тіліп алып, телефонды бермесе өзіне қол жұмсайтынын айтып қоқан-лоққы көрсеткен. Ер адамның сөзін камераластары жартылай растады. Олардың бірі кезекшінің қамаудағы адамды тепкілегенін көрсе, екіншісі полицейдің оны сұлатып түсіріп, қылғындырғанын айтты. 

Сот олардың куәлігіне күмәнмен қарап, камераластар сотталушыға көмектесуге тырысқан болуы мүмкін деп тапты. Ал арнайы қабылдағыш қызметкерлерінің бірі алғашқы жауаптарынан бас тартып, жауап алу хаттамасын оқымай қол қойғанын мәлімдеді. Сарапшылар дене жарақатын төбелеске қатысқан екі жақтан да анықтады. Соған қарамастан, сот полиция тарапынан күш көрсетілді деген уәжді кері қайтарып, қамаудағы азаматты 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім кесті. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.