
Марат Ірменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатауллаұлы Ірменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрын атқарған қызметінен босатылды», — делінген ресми құжат мәтінінде.
Білімі:
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты (1993 жыл);
ҚР ҰҚК институты (1996 жыл);
Халықаралық құқық және нарық академиясы (2000 жыл).
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
ҚР ҰҚК-нің Құрметті қызметкері.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілген.
Еңбек жолы
1996–2000 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел қызметтерде жұмыс істеген;
2000–2025 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған;
2025 жылғы қазаннан бастап – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.
В Атырау +2.7