Атырау, 23 желтоқсан 13:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​«Метан» автобустары маршрутқа қосылды

Сурет
2 526 рет қаралды

Белгіленген мерзімнен кешіксе де, Атырау қаласында метан газымен жүретін автобустар іске қосылды. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың маусымынан бастап жыл соңына дейін 7 миллиард теңгеге сатып алынған қытайлық 170 автобус мұнайлы астанада қаңтарылып тұрған еді.

Маусым айында «AkzhayikAvtopark» ЖШС «БРК-Лизинг» АҚ-мен метанмен ғана жүретін Yutong ZK маркалы 170 автобусты сатып алу туралы қаржылық лизинг келісімшартын жасады. Келісімшарт жасалғанға дейін қала басшылығы газ құю кешенінің құрылысын өз мойнына алуға уәде берді. Бірақ түрлі себеппен бұл уәде орындалмай, автобустар жарты жылға жуық уақыт тұрып қалды.

Енді газ-метан құю станциясын «AkzhayikAvtopark» ЖШС өз қаржысына салып алды.

- Бір автобусқа газ құюға 15-18 минут кетеді, бұл жерде алты автобусқа қатар газ құюға болады, - деді автопарк директоры Қуантай ҚАЛМАН. - Табиғи газ тазарту қондырғысына түскеннен бастап газ толтыруға дейінгі ЖШС аумағында жабдықталған станцияның бүкіл жұмыс процесі автоматтандырылған. Бүкіл кешен жұмысының кепілдік мерзімі - 10 жыл, жұмыс барысында жабдыққа жоспарлы техникалық қызмет көрсетіледі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, «метан» автобустары Атырау мен қала маңында негізгі 6 бағыт бойынша жүреді.

Бұдан басқа, жақын арада автопарктің дайын болуына қарай Атырауда бес жаңа маршрут іске қосылады: №3 (Атырау ықшамауданы – «Дина» базары), №15 («Сарықамыс» ықшамауданы - теміржол вокзалы), №30 ( «Жилгородок» ықшамауданы - Жеңіс саябағы), №56 (Алға ауылы - «Дина» базары), №62 («Сарыөзек» - «Дина» базары).

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

6 қаңтар 2021, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.