Атырау, 13 қазан 05:24
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Жеңілдік мектеп пен балабақшаға емес – мейрамханаға

2 901 просмотра

Атырау облысы COVID-19 бойынша «жасыл аймаққа» өтті, сол себепті, мысалы, кафе мен мейрамханалар түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат алды. Бұл, әрине, жақсы, бірақ балабақша мен мектеп қашан толық жұмыс істей бастайды? – деп сұрайды біздің оқырмандар.

Білім беру басқармасы бастығының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВАНЫҢ айтуынша, білім беру мекемелері облыстың бас санитар дәрігерінің шешіміне сәйкес жұмыс істейді. Соңғы шыққан қаулыда балабақша мен мектептердің толыққанды жұмысына рұқсат берілген жоқ. 1 қыркүйектен бастап мектептерде кезекші сыныптар ашылды, үшінші тоқсанның басынан бастап 9 және 11 сынып оқушылары біріктірілген сабақ оқиды. Оның ішінде пәннің 70% мектепке барып оқыса, 30% қашықтан оқиды. 11 сынып оқушылары үшін дайындық сабақтары да - икемді кесте бойынша 5 адамнан топқа бөліп өткізіледі. Сонымен қатар, жақын арада барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мектеп асханасының жұмысы қайта іске қосылады.

Облыста 43 қосымша мектептен тыс білім беру мекемелері бар, олардың барлығы кестеге сәйкес және санитариялық дәрігерлер тағайындаған түрлі шектеулерді сақтап, жартылай қашықтан немесе офлайн режимінде жұмыс істейді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 ақпан 2021, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.