Атырау, 13 қазан 05:20
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атыраудағы жұмыссыздық туралы мәлімет

3 669 просмотра

Azh.kz сайтында оқырмандар арасында «Қазір тұрақты жұмысыңыз бар ма?» тақырыбында сауалнама жүргізген едік. «Иә», «жоқ, мен жұмыссызбын», «өз кәсібім бар» деген үш жауап нұсқасы ұсынылды. Сауалнама ақпанның 3-нен 10-на дейін жүргізіліп, оған 857 адам қатысты. 

Жауап берушілердің 857-нің 484-і (56%) тұрақты жұмысымыз бар деп жауап берді. 86 (10%) өзіне жұмыс істейді. 287 (33%) - жұмыссыз.

Егер бұл сандарды Атырау облысының еңбекке қабілетті тұрғындарының санымен (2019 жылғы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша - 332,4 мың адам) есептесек, онда біздің сауалнамаға сәйкес, жауап берушілердің үштен бірі жұмыссыз жүр. Біздің өңірдегі ресми жұмыссыздық деңгейімен (4,8-5%) салыстырғанда айырмашылық өте үлкен.

Алдын ала мұның орташа көрсеткіш екенін қаперге береміз. Бірақ алдымен сұрыптау көрнекілігіне түсініктеме беріп өтейік.

Жасы. 2019 жылдың қараша айындағы сауалнамаға сәйкес, сайтқа кірушілердің жас тобы төмендегідей:

19-23 жас - 14 (1%)

24-30 - 80 (8%)

31-40 - 383 (38%)

41-50 - 237 (23%)

50-ден жоғары - 270 (30%)

Біздің сауалнамаға қатысқан ең үлкен топ - 31-40 жас аралығындағы адамдар (38%). Саны бойынша келесі топ – 50-ден жоғары жас тобы (27%). Қазақстанда ерлердің зейнетке шығу жасы 63 жастан, ал әйелдер үшін 59 жастан басталатынын ескерсек, бұл 27% зейнеткерлерді қамтуы мүмкін дегенді білдіреді. Үшінші орында - 41-50 жас (23%). Жастар: 19-23 жастағылар - 1% және 24-30 жастағылар - 8%.

Барлық сауалнамада жауап берушілердің ең көп таралған санаты жастар деп саналады.  Қандай адам саны екенін түсіну үшін Атырау облысы бойынша ресми деректер келтіремін. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жастар (15-тен 28 жасқа дейін) Атырау облысының экономикалық белсенді тұрғындарының шамамен төрттен бірін, атап айтқанда 25,6%-ын құрайды. Enbek.kz мәліметіне сәйкес, Атырау облысында 25-34 жас санатындағы жұмыссыздар - 42,4%, яғни, жалпы жұмыссыздар санының жартысына жуығы.

 

«ОСЫ ЖЕРДЕ НАҚТЫЛАУ КЕРЕК»

 Осы сауалнама нәтижелерін ескере отырып, біз «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының президенті Гүлмира ИЛЕУОВАДАН комментарий беруді өтіндік.

2020 жылы «Стратегия» ӘСЗО» ҚҚ бірнеше ірі зерттеу жұмыстарын жүргізгені анықталды. Сауалнамалардың біріне сәйкес, өткен жылдың қазан айында Атырау облысында жұмыспен қамту туралы сұраққа берілген жауап нәтижелері төмендегідей болды:

Жұмыспен қамтылғандар саны іс жүзінде біздің сауалнамамен сәйкес келетінін көріп отырмыз - 58% (бізде 56%), жұмыссыздар - 15% (бізде 33%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 5% (бізде 10%). Әлеуметтік сауалнамаға қатысушылардың қалған 22%-ы зейнеткерлер, студенттер, оқушылар, үй шаруасындағы әйелдер.

Гүлмира ИЛЕУОВА. Ашық дереккөзден алынған сурет

- Біз «мен жұмыссызмын» деп жауап бергендер саны Атырау облысында айтарлықтай көп, шамамен 15% екенін байқадық. Бұл басқа облыстармен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш. Салыстыру үшін, Ақтөбе облысында мұндай жауап 6%, БҚО-да - 7%, - дейді Г.Илеуова.

 «Сіздің сауалнамаға келер болсақ, ол онлайн режимінде жүргізілгендіктен, ол оқырман аудиториясының ерекшелік сипаттамасын шектейді - егде жастағы адамдар баспа нұсқасын жөн көреді, ал жастар көбінесе жаңалықтарды интернет-порталдардан оқиды. Жауап берушілер саны бойынша, негізінен, пропорция жаман емес. Алайда, адам жұмыссызбын дегенде оның нені меңзеп тұрғанын ескеру керек. Қандай себеппен екені туралы нақтылық жетіспейді. Адам зейнеткер болғандықтан да жұмыссызбын деп жауап беруі мүмкін. Тағы бір маңызды жайт - үй шаруасындағы әйелдер мен декреттік демалыстағы әйелдер ескерілмей қалуы ықтимал. Ал үлкен үшінші санат - студенттер. Сондықтан, «жоқ, мен жұмыссызбын» деген жауап толық көріністі бермейді.

Жалпы, жұмысшылар саны бойынша (жеке және мемлекеттік секторларда жұмыспен қамтылғандарды алдық) сіздің сауалнама нәтижесі біздің мәліметпен сәйкес келеді деп айтқым келеді (58% және 56%). Сондықтан жұмыссыздар бойынша – оларды бөлер едім, ал жұмыспен қамтылғандарға келсек, шамамен біздің санымыз сәйкес келеді».

 

РЕСМИ СТАТИСТИКАДАН АЙЫРМАСЫ ТУРАЛЫ

- Егер жұмыспен қамту туралы арнайы статистиканы алатын болсақ, ол біздің әлеуметтік статистикадан мүлде өзгеше. Бізде 15% жұмыссызбыз деп жауап берді. Егер іс жүзінде деңгей соншалықты жоғары болса, онда жауап ішінара сіздің экономикалық құрылымға байланысты болып отыр. Мұнай саласынан орын таба алмағандардың көпшілігі басқа жерге жұмысқа орналаса алмайды. Сіздерде ауыл шаруашылығы нашар дамыған, басқа өндіріс аз, - дейді Г.Илеуова.


РЕСМИ БЕС ПАЙЫЗ ТУРАЛЫ

- Мұнда бәрі қарапайым - ресми статистика тек тіркелгендерді есепке алады. Пандемия салдарынан жұмысынан айырылғандар табуға үміттеніп, тіркелмеген, сондықтан 2020 жылы біз тек 5%-ды көріп отырмыз. Алайда министр Нұрымбетов 2020 жылдың жазында ел халқының жартысына жуығы жұмыссыз қалды деп айтқан еді. Сол дағдарыс кезінде адамдар өздігінен жұмыс іздеп, тірлік жасауға тырысып, мемлекетке жүгінбеді - өйткені, ол жер жатқан бюрократия.

Дайындаған Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Автор дайындаған инфографика

11 ақпан 2021, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.