Атырау, 2 қараша 23:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

Дана Орманбаева сотта Баян Алагөзовадан екінші рет жеңіліп қалды

815 просмотра

Қазақстандық богер, журналист Дана Орманбаева продюсер Баян Алагөзоваға желіде тіл тигізгені үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында жабық сот отырысы өтті. Мұнда сот блогерге тіл тигізгені үшін Дана Орманбаеваға айыппұл салды. 

“Сот отырысында телекоммуникация желілерін пайдалана отырып қорлау (ҚК 131-бабының 2-бөлігі) бойынша айыпталушы Орманбаеваға қатысты қылмыстық ісі қаралды. 2024 жылдың 3 мен 6 сәуірі аралығында жазылушылары көп журналист-блогер Орманбаева өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында продюсер Алагөзоваға қарсы сөздер айтқан. Осыған байланысты жәбірленуші Алагөзова жеке айыптау ретінде сотқа шағым түсірді.

Сотталушының кінәлі екендігі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушінің айғақтарымен де, сарапшылардың қорытындысымен дәлелденді”, – делінген хабарламада.

Соттың мәліметінше, жас баланың болуы Орманбаеваның жазасын жеңілдететін жағдай болып есептелген.

“Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар жоқ. Жоғарыда көрсетілгенді ескере отырып, сотталушы кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сот ООрманбаевадан моральдық зиянды өтеу ретінде жәбірленушінің пайдасына 500 мың теңге өндірді. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – делінген сот хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Баян Алагөзованың белгілі блогерді өзін қорлады деп айыптап, сотқа бергені туралы жазған едік. 

11 қазан, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.