Атырау, 13 қазан 05:22
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Көлікті тіркеу кезінде оның "егізі" елордадан анықталды

2 765 просмотра

Атырауда полицейлер көлікке құжат рәсімдеу кезінде шанақ нөмірі жалған екенін анықтады.

ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр желтоқсан айында полицияға 72 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Ол күйеуі қайтыс болғаннан кейін өз атына Lexus LX маркалы көлігін қайта рәсімдемек болған. Алайда, құжаттарды рәсімдеу кезінде шанақ нөмірі 2013 жылы Қызылорда облысында осы маркалы көлікке тіркелген нөмірмен бірдей болып шықты.

- Әйелдің айтуынша, ол 2006 жылы көлікті Алматыдан сенімхат арқылы сатып алып, оны өздері тұратын Атырауда өз атына рәсімдеген, - деп хабарлайды ПД.

Қазір екінші көліктің Нұр-Сұлтан тұрғынына тиесілі екендігі анықталды.

Шанақ нөмірлерін кім және қалай бұрмалайды? ПД бұл жалған бренд тауарларын жасаумен бірдей екенін және көп елде кездесетінін айтты.

- Біз қазір Нұр-Сұлтандағы көлік иесіне қатысты жұмыс істеп, оны қайдан және қалай сатып алғанын анықтап жатырмыз. Әзірге әңгіме «көлеңкелі нарық» туралы, ал шанақ нөмірін автосалон механиктері қолдан жасайтынын тәжірибе көрсетіп отыр. Бірақ бұл іс бойынша тексеру әлі аяқталған жоқ, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері көлікті сатып алған кезде уәкілетті органда VIN код нөмірлерін, шанақ нөмірлерін техникалық төлқұжатпен салыстыруға кеңес береді.

Айнұр САПАРОВА

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

Шанақ нөмірінде өндіруші зауыт туралы ақпарат болады. Бұл нақты бір өндірушіге байланысты түрлі мөлшердегі әріптер мен сандардан тұратын код. Оның ұзындығы 9-дан 12 таңбаға дейін болуы мүмкін. Алғашқы 4-6 таңба шанақтың түрі мен маркасы туралы, қалған 5-8 таңба – нақты көліктің зауыт нөмірін білдіреді.

12 ақпан 2021, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.