Атырау, 14 қазан 12:01
 дождьВ Атырау +18.8
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

Атырауда

Қысқы «сессияны» тапсыра алмады Атырауда

Қысқы «сессияны» тапсыра алмады

Биылғы қыстың алдында Атырау билігі облысымыз қысқа сақадай сай дегенімен, іс жүзінде олай болмай шықты. Қақаған қыста тұрғындар жарықсыз, сусыз, газсыз, тіпті жылусыз отырғанын білеміз. Билік қысқы «сессиядан» қалай құлағаны – «АЖ» материалында. 1 наурыз 2021, 17:55 3 215 рет қаралды
​Атыраудағы митинг: «СОБР» әуелі қоршауға алып, кейін адамдарды жіберіп қойды Атырауда

​Атыраудағы митинг: «СОБР» әуелі қоршауға алып, кейін адамдарды жіберіп қойды

28 ақпанда Атырауда Исатай мен Махамбет атындағы алаңда митинг өтті. Тура сағат 12-де, жоспарлағандай, Макс Боқаев бірнеше белсендімен алаңға келді. Ол жерге кейін 70-ке жуық адам жиналды. Сурет Бейнежазба 1 наурыз 2021, 12:30 3 908 рет қаралды
"Бізді тіпті ұмытып кеткен сияқты" Атырауда

"Бізді тіпті ұмытып кеткен сияқты"

Карантин шектеулеріне байланысты банкеттер пен компьютер залдары, бильярд, боулинг  орталықтары мен балалар ойын алаңдарының қызметіне бірінші болып тыйым салынды. Содан бері бір жыл өтті, осы нысандардың кейбірі мүлдем жабылды, қалғандары банкрот шегінде тұрды. Сурет 27 ақпан 2021, 12:51 3 691 рет қаралды
Қалың қамыс суға кедергі Атырауда

Қалың қамыс суға кедергі

Соңғы жылдары Қызылқоға ауданындағы Ойыл өзені мен жерасты суларының жоғала бастауы жергілікті тұрғындарды қатты алаңдата бастады. Төскейінде төрт түлік қоныстанған ауданда мал өсіру келешекте қиын болуы мүмкін екендігі сезіле бастағандай. Өзеннің арналары мен сағаларын қалың қамыс басып өз аз табиғи су жетпей, құрғақшылық жайлай бастаған. 27 ақпан 2021, 12:41 4 573 рет қаралды
Индер ауданындағы мектеп есепшілері жұмысқа шықпай қалды Атырауда

Индер ауданындағы мектеп есепшілері жұмысқа шықпай қалды

Индер ауданындағы 15 мектептің есепшілері (әрқайсысында екеуден, жалпы саны 30-ға жуық) биылғы 20 қаңтарда еңбекақыны көбейтуді талап етіп, аудандық мәслихатқа, білім беру, қаржы бөлімдеріне, кәсіподақ комитетіне, «Нұр Отан» партиясы филиалына арыз берген болатын - әйтпесе, бір айдан кейін жұмыстан кетеміз деген. Сурет Бейнежазба 26 ақпан 2021, 16:58 4 638 рет қаралды
​Малды бірі ұрлайды, бірі сатады Атырауда

​Малды бірі ұрлайды, бірі сатады

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Мал ұрысы» жедел-алдын алу шарасы барысында құрылған 10 топ аудандардан Атырауға мал мен ет таситын 305 көлікті, ет өнімдерін сататын 146 орын мен 452 шаруа қожалығын тексерді. 26 ақпан 2021, 16:18 3 733 рет қаралды
2020 жылы Атырау экологтары келтірілген зиянды 1 миллиардтан астам теңгеге бағалады Атырауда

2020 жылы Атырау экологтары келтірілген зиянды 1 миллиардтан астам теңгеге бағалады

Былтыр Атырау облысында қоршаған ортаға жалпы сомасы 1 млрд 184 млн 995 мың теңгеге залал келтірілген. Бұл туралы брифингте облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВ хабарлады. 26 ақпан 2021, 15:53 3 099 рет қаралды
«Теңізшевройл» Экология департаментімен соттасып, ақыры 726 миллион теңге айыппұл төледі Атырауда

«Теңізшевройл» Экология департаментімен соттасып, ақыры 726 миллион теңге айыппұл төледі

Облыстық экология департаменті «Теңізшевройл» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру барысында қоршаған ортаға шығарылған, оның ішінде алау қондырғыларында газ өртеу салдарынан шығарылған ластаушы заттар шығарындысы түріндегі нормативтен тыс эмиссия мөлшерін анықтады. 26 ақпан 2021, 15:45 3 019 рет қаралды
​Атырауда 26 ақпан және 4 наурыз аралығында өтетін мәдени шаралар Атырауда

​Атырауда 26 ақпан және 4 наурыз аралығында өтетін мәдени шаралар

Махамбет атындағы академиялық драма театры 26 ақпан – Г. Хугаевтың «Андро & Сандро» комедиясы. Басталуы сағат 19:00. 2-3 наурыз – Ә. Дәулетбаева «Толқындар жағада өледі...» тұсаукесер, үлкендерге арналған ертегі. Басталуы 19.00. 26 ақпан 2021, 15:32 2 935 рет қаралды
«Бұл зейнетақы қорынан көп ақша түсірмес үшін жасалған» Қоғам

«Бұл зейнетақы қорынан көп ақша түсірмес үшін жасалған»

БЖЗҚ-ның кейбір салымшылары зейнетақы жинақтарын ала бастады. Мемлекет екі мақсатты: емдеуді немесе үй сатып алуды белгіледі. Сөйтіп сұрақтар туындады: бұл мүмкіндікті неліктен барлық салымшылар пайдалана алмайды? Неліктен қолдану саласын кеңейтуге болмайды, мысалы, қазір пандемияға байланысты өтелуі қиын болып тұрған несиелерді жабуға рұқсат бермейді? 26 ақпан 2021, 11:13 3 274 рет қаралды
«Балық аулайтын тор шіріген» Атырауда

«Балық аулайтын тор шіріген»

Индербор аудан орталығында Жайық өзенінен алынған су сынамасын талдау нәтижелері зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан аспағанын көрсетті. Бұл туралы бүгін, 25 ақпанда өткен брифингте облыстық экология департаментінің бастығы Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВ мәлімдеді. 25 ақпан 2021, 17:28 3 418 рет қаралды
«ҚазТрансГаз»: «БҚО мен Атырау облысындағы ахуал бақылауға алынды» Атырауда

«ҚазТрансГаз»: «БҚО мен Атырау облысындағы ахуал бақылауға алынды»

24 ақпанда әлеуметтік желіде Ресей Федерациясының Орынбор облысында газ құбырының жарылуы мен Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау және Ақсай кенттеріне газ берудің тоқтатылуына байланысты газ жабдығына сақ болуға шақырған жазбалар жарияланды. «AЖ» комментарий алу үшін ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметтеріне хабарласты. 25 ақпан 2021, 17:10 3 051 рет қаралды
200 адамға арналған тойға аудан әкімі қатысты ма? Атырауда

200 адамға арналған тойға аудан әкімі қатысты ма?

Жақында өткен Атырау облысының Тәртіптік кеңес отырысында түрлі деңгейдегі шенеуніктерге қатысты бірнеше іс қаралды. Мәселен, карантинді бұзып, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы ұйымдастырған 200 адамға арналған тойға аудан әкімі Марат МУРЗИЕВ қатысты делінген Исатай ауданы тұрғынының арызы талқыланды. 25 ақпан 2021, 16:32 2 899 рет қаралды
​Борасында жоғалғандар құтқарылды Атырауда

​Борасында жоғалғандар құтқарылды

ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 ақпанда сағат 20:17-де Мақат ауданынан мал іздеп кеткен азамат Б.Б үйге кері оралмағаны туралы хабарлама түсті. Мақат аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінің қызметкерлері іздеуге шығып, 23 ақпан сағат 00.44-те жоғалған азаматты Мақат-Индер темір жолынан 20 шақырым жерден тапты. 25 ақпан 2021, 15:48 2 969 рет қаралды
Ескі қалаға «әлеуметтік-мәдени нысан» салынса, ол жер бұзылады Атырауда

Ескі қалаға «әлеуметтік-мәдени нысан» салынса, ол жер бұзылады

Атырау қаласының ескі бөлігінің толық жоспарының жобасына сәйкес, ірі бизнес нысандары (мейрамханалар, сауда орталықтары және т.б.) сүрілмейді. Бұл туралы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы хабарлады. Бірақ мұның өте маңызды ерекшелігі бар... 25 ақпан 2021, 15:35 3 232 рет қаралды
Аяздан мал да қиналды Атырауда

Аяздан мал да қиналды

Ауа райының күрт суытып, қатты жел тұрғаны малға да жайсыз тиюде. Әлеуметтік желіде 24 ақпанда «Атырау-Орал» трассасының Индер ауданы Есбол, Елтай, Аққала ауылдарының маңында үйір-үйір жылқылардың ығып, суыққа ұшырап жатқаны жөнінде бейнежазба тарады.  Бейнежазба 25 ақпан 2021, 15:08 3 608 рет қаралды
Екі күнде - 50 шағын жол-көлік оқиғасы Атырауда

Екі күнде - 50 шағын жол-көлік оқиғасы

Соңғы екі күнде Атырауда ауа-райының қолайсыздығына байланысты 50-ден астам шағын жол-көлік оқиғалары тіркелді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 ақпанда 31, 23 ақпанда - 20 жеңіл жол-көлік оқиғасы болған. 25 ақпан 2021, 11:10 2 849 рет қаралды
Үсік шалғандар көмекке жүгінді Атырауда

Үсік шалғандар көмекке жүгінді

Соңғы екі күнде Атырау облыстық ауруханасының травматология бөліміне жарақат алу дерегі бойынша 61 адам жүгінген. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23  ақпанда 43, 24 ақпанда 18 оқиға тіркелді. 25 ақпан 2021, 10:59 2 904 рет қаралды
Алыс сапарға шығудан аулақ болыңыз Атырауда

Алыс сапарға шығудан аулақ болыңыз

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат ЕРЖАНОВТЫҢ айтуынша, 23 ақпанда сағат 17:00-де "Қазавтожол" ҰК АҚ мен Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, көліктің барлық түрлеріне арналған барлық бағыттар бойынша республикалық, облыстық маңызы бар автожолдарды жабу туралы шешім қабылдады. 25 ақпан 2021, 10:41 2 148 рет қаралды
Аяз газ желілеріне әсер етіп жатыр Атырауда

Аяз газ желілеріне әсер етіп жатыр

24 ақпанда әлеуметтік желіде Атырауда газ  қысымының төмендегені туралы ақпарат тарады. Біреу «Жұмыскер» ықшамауданында газ мүлдем жоқ, сондықтан тұрғындар тоңып жатыр деп жазды. «AЖ» «ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ Атырау филиалына түсініктеме алуға жүгінді. 25 ақпан 2021, 10:00 2 216 рет қаралды
Үш өлім және бір қылмыстық іс Атырауда

Үш өлім және бір қылмыстық іс

2021 жылы 1 қаңтарда 44 жастағы Бекдидар Көргеналиев Құрманғазы аудандық ауруханасында көз жұмды. Содан кейін туыстары оның өліміне не себеп болғанын анықтау үшін полицияға арыз жазды. Кейінірек бұл ауруханада осы ауруханаға байланысты тағы 2 өлімнің тіркелгені белгілі болды. 24 ақпан 2021, 17:44 8 140 рет қаралды