Атырау, 12 қазан 23:20
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

200 адамға арналған тойға аудан әкімі қатысты ма?

2 731 просмотра

Жақында өткен Атырау облысының Тәртіптік кеңес отырысында түрлі деңгейдегі шенеуніктерге қатысты бірнеше іс қаралды. Мәселен, карантинді бұзып, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы ұйымдастырған 200 адамға арналған тойға аудан әкімі Марат МУРЗИЕВ қатысты делінген Исатай ауданы тұрғынының арызы талқыланды.

Мемлекеттік қызмет істері департаменті тексеру жүргізіп, тексеру барысында арыз берушімен жеке кездесіп, дәлел ретінде - іс-шараның фото және видео материалдары сұралды. Бірақ арыз берушіде олар болмаған соң, әкімге қатысты іс тоқтатылды.

Ал Махамбет ауданы әкімінің аппарат басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды бұзғаны үшін толық емес қызметтік сәйкессіздігі туралы ескерту алды. Тәртіптік кеңестің пікірінше, ол бейнебақылау жүйесін орнату мәселесінде заңды тұлғаға заңсыз артықшылық берген.

Махамбет ауданы Бейбарыс ауылының әкімі де осындай тәртіптік жаза алды. Ол смета бойынша орындалмаса да, мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша жұмыстарды қабылдаған.

Махамбет ауылдық округі әкімі де Тәртіптік кеңес талқысына түсті. Махамбет ауданы прокурорының орынбасары Думан ЖҰМАҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, тұрғын үйлерді жөндеуге бюджеттен 7 миллион теңге бөлінген. Әкім актіні қабылдап, мердігерге ақша аударды, бірақ көзбен шолып тексергенде прокурор қызметкері іс жүзінде жөндеу болмағанын анықтады.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзғаны және шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде заңды тұлғаны заңсыз қолдағаны үшін ол қызметінен босатылды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

25 ақпан 2021, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.