Атырау, 12 қазан 21:36
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

2020 жылы Атырау экологтары келтірілген зиянды 1 миллиардтан астам теңгеге бағалады

2 810 просмотра

Былтыр Атырау облысында қоршаған ортаға жалпы сомасы 1 млрд 184 млн 995 мың теңгеге залал келтірілген. Бұл туралы брифингте облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВ хабарлады.

Оның айтуынша, келтірілген залалды экономикалық бағалауды өтеу туралы 106 ұйғарым ұсынылды. Оның ішінде бүгінде жалпы сомасы 814 млн 959 мың теңге болатын 58 ұйғарым бойынша айыппұл өндірілген.

2020 жылы 83 тексеру жүргізілді, соның ішінде 57 жоспардан тыс тексеру өтті.

- Тексеру кезінде біздің инспекторлар экологиялық заңнаманы бұзған  244 факті анықтап, оларды жою туралы 174 нұсқама берілді – оның барлығын табиғат пайдаланушылар орындады, - дейді Бекмұхаметов.

Бас экологтың ақпаратына сәйкес, 2020 жылдағы тексеру нәтижесі экологиялық заңнаманы жүйелі түрде бұзуға жол беретін «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС және «Норт Каспиан Опрейтинг Компани Н.В.» компаниясы секілді ірі кәсіпорындар екенін көрсетіп отыр. Бұл, әсіресе, эмиссия нормативтерінен асып кету, жердің ластануы, рұқсат шарттарын сақтамау сияқты заңбұзушылықтар.

Айнұр САПАРОВА

26 ақпан 2021, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.