Атырау, 27 сәуір 08:11
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«ҚазТрансГаз»: «БҚО мен Атырау облысындағы ахуал бақылауға алынды»

2 739 просмотра

24 ақпанда әлеуметтік желіде Ресей Федерациясының Орынбор облысында газ құбырының жарылуы мен Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау және Ақсай кенттеріне газ берудің тоқтатылуына байланысты газ жабдығына сақ болуға шақырған жазбалар жарияланды. «AЖ» комментарий алу үшін ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметтеріне хабарласты.

Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша, 23 ақпанда Ресей Федерациясы аумағындағы «Союз» магистральды газ құбырының 108-ші шақырымында құбыр жарылған.

- Осыған байланысты Қазақстан аумағы арқылы өтетін «Союз» және «Оренбург-Новопсков» магистральдық құбырлар арқылы газ беру тоқтатылды. Ресурстарды «Орта Азия – Орталық» МГҚ-нан «Союз» МГҚ қазақстандық учаскесіне және «Орынбор – Новопсков» МГҚ-на бағыттау жұмыстары Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:19-да аяқталды. БҚО-ға тауарлық газды жеткізу бойынша ешқандай шектеулер болған жоқ, газ тасымалдау жүйесінің барлық объектілері, сондай-ақ жылу және энергиямен жабдықтау объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Ахуал Энергетика министрлігінің бақылауына алынды, - деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Кейінірек «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі өз комментарийін таратты. Оның ақпараты бойынша, Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтетін «Союз» магистралды газ құбырындағы апатты жағдайға байланысты ресейлік газдың тасымалы тоқтатылды.

- «ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторы жеткізілмеген көлемнің орнын толтыру және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарындағы тұтынушыларды тұрақты газбен қамтамасыз ету үшін жедел шаралар алды. Ол үшін «Құлсары», «Мақат», «Жанғала» компрессорлық станцияларында жедел ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Бұл газ ағындарын «Орта Азия - Орталық» құбырынан «Союз» және «Орынбор-Новопсков» газ құбырларына бағыттауға мүмкіндік берді», - деп хабарлады «ҚазТрансГаз». - «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлерінің жедел алған шаралары Батыс Қазақстан облысында 28 газ тарату станциясының, 2 газ турбиналық электр станциясы мен 1 жылу энергетикалық станциясының, Атырау облысында - 21 газ тарату стансасы, 1 жылу электр станциясының және 1 газ турбиналық электр станциясының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осылайша, жоғарыда аталған облыстардағы тұтынушылардың барлық санаты үшін тауарлық газдың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры арқылы газ тасымалдаудың тұрақты режимін сақтау және Қазақстанның басқа аймақтарына газдың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін Ұлттық газ операторы «Бозой» жерасты қоймасынан газ алуды ұлғайтты. Бұдан басқа, «Бұқара – Орал» магистралінің компрессорлық станцияларында газ айдайтын қосымша 5 агрегат іске қосылды.

«ҚазТрансГаз» АҚ пайдалану тобының жедел жұмысының арқасында Қазақстанның батыс аймағында тауарлық газды жеткізу бойынша ешқандай шектеу болған жоқ, газ тасымалдау жүйесінің барлық объектілері, сондай-ақ жылу және энергиямен жабдықтау нысандары штаттық режимде жұмыс істейді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

25 ақпан 2021, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.