Атырау, 12 қазан 21:31
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Малды бірі ұрлайды, бірі сатады

3 390 просмотра

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Мал ұрысы» жедел-алдын алу шарасы барысында құрылған 10 топ аудандардан Атырауға мал мен ет таситын 305 көлікті, ет өнімдерін сататын 146 орын мен 452 шаруа қожалығын тексерді.

Атырау облысы полиция бөлімінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, іс-шара қорытындысына сәйкес мал мен етті тиісті құжатсыз тасымалдаған және сатқан 25 факті анықталды, барлық заң бұзушылар ҚР ӘҚтК-нің 406 бабы («ҚР ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, иесіз мал жайылып жүрген 155 жағдай анықталды, нәтижесінде барлық малдың иелері ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы («Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ұрланған малды сатып жүрген жерінен 3 адам ұсталды, тексеру жүргізілуде.

Дайындаған - Айнұр САПАРОВА

Суретті жолдаған ПД

26 ақпан 2021, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.