Атырау, 12 қазан 21:37
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырауға жауған қар 2016 жылды еске түсірді

3 246 просмотра

Атырауда қар тазалау жұмыстары бүгін таңғы сағат 6-да басталды. Арнайы техника қозғалысы көп даңғылдар мен жолдарды, көпірлерді тазалауға шықты.

- Қар түнгі 3-те жауа бастады, таңертең ертемен арнайы техника мен 100 жол қызметкері көшеге шықты. Олар тротуарлар мен аялдамаларды тазартуда. Жұмыс көп, енді ғана (сағат 11-ге қарай) ауруханалардың, мектептер мен балабақшалардың кірме жолдарын тазартуды бастадық, - деді «АЖ»-ға «Арнайы автобаза» ЖШС.

ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның қызметкерлері 4 күн бойы жеке сектор тұрғындарының аулаларынан жиналған қарды шығарып жатыр. Қазір Молдағұлова көшесінде осы жұмыстар жүргізілуде. Ауа райы болжамына сүйенсек, алдағы үш күнде қар түрінде жауын-шашын күтіледі, осыған байланысты «Арнаулы автобазаның» барлық күшін орталық көшелерді тазартуға жұмылдыру жоспарланып отыр.

Естеріңізге салсақ, мұндай қар соңғы рет 2016 жылы тіркелген. Сол кездегі Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ Жаңа жыл алдындағы концертте «Пламя» вокалды ансамблінің «Снег кружится» әнін орындағанда бұл шығарманың кейін орындалатынын сезбеген де еді.

2 қаңтарда кешке қатты боран соғып, барлық көлік жолы жабылды. Осы қар жауғалы да барлық бағыттағы жолдар көктайғаққа байланысты жабылды.

2016 жылы қар ери бастаған бойда қаланы су басты. Жеке сектор ғана емес, көп қабатты үйлердің аулалары да зардап шекті. Сол кезде еріген суды соруға «Арнаулы автобаза» мен «Атырау Су Арнасының» барлық техникасы, барлығы 30 вакуум мен 4 сорғы жұмылдырылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 ақпан 2021, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.