Атырау, 12 қазан 23:14
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Аяз газ желілеріне әсер етіп жатыр

1 868 просмотра

24 ақпанда әлеуметтік желіде Атырауда газ  қысымының төмендегені туралы ақпарат тарады. Біреу «Жұмыскер» ықшамауданында газ мүлдем жоқ, сондықтан тұрғындар тоңып жатыр деп жазды. «AЖ» «ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ Атырау филиалына түсініктеме алуға жүгінді.

ҚТГА жалпы бөлімінің бастығы Құрманбек ӨМІРЗАҚОВТЫҢ айтуынша, қазір Жұмыскерде апат-қалпына келтіру бригадасы жұмыс істеп жатыр.

- Күннің қатты салқындауына байланысты бүкіл қала бойынша тұрғын үйлер мен өндірістік ұйымдарда газ толық қуатпен берілді, сондықтан желілердегі қысым төмендеді. Қазір бізде үш бригада тәулік бойы өтінім бойынша жұмыс істеп жатыр. Мысалы, егер 104-ке қоңырау шалып, газдың қысымының төмендегені туралы хабар берсе, бригада сол жерге барып, ГТШ (газ тарату шкафы) қысымын көтереді, - деді Өмірзақов.

Айнұр САПАРОВА

25 ақпан 2021, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.