Атырау, 23 желтоқсан 10:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

«Балық аулайтын тор шіріген»

3 311 рет қаралды

Индербор аудан орталығында Жайық өзенінен алынған су сынамасын талдау нәтижелері зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан аспағанын көрсетті. Бұл туралы бүгін, 25 ақпанда өткен брифингте облыстық экология департаментінің бастығы Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВ мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, жақында «АЖ» әлеуметтік желіде Жайықта түсірілген бейнежазбаның таралып жатқанын: мұз астында белгісіз қара сұйықтықтың пайда болғанын жазған еді.

Облыстың бас экологының айтуынша, бұл мәселені жануарлар дүниесі инспекциясымен талқылағаннан кейін ол ескі шіріген балық аулау торларынан қалған балшық деген тұжырым жасалды. Дегенмен, одан бұрын осылай деп жергілікті тұрғындар да айтқан еді.

Айнұр САПАРОВА

25 ақпан 2021, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.