Атырау, 12 қазан 21:37
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

«Теңізшевройл» Экология департаментімен соттасып, ақыры 726 миллион теңге айыппұл төледі

2 780 просмотра

Облыстық экология департаменті «Теңізшевройл» ЖШС-нде өткізген жоспардан тыс тексеру барысында қоршаған ортаға шығарылған, оның ішінде алау қондырғыларында газ өртеу салдарынан шығарылған ластаушы заттар шығарындысы түріндегі нормативтен тыс эмиссия мөлшерін анықтады.

Департаментте хабарлағандай, ТШО-ға қатысты экологияға тигізген зиянды өтеу туралы үш ұйғарым шығарылды - 145 млн 988 мың теңгеге, 60 млн 985 мың теңгеге және 519 млн 477 мың теңгеге.

- ТШО тарапынан бұл ұйғарымдар өз еркімен орындалмады, сондықтан біз Нұр-Сұлтан қаласындағы сотқа талап арыз бердік, - деп хабарлады департамент. - Нұр-Сұлтан қалалық сотының 2020 жылғы 21 қазандағы және 2 қарашадағы шешімдерімен Департаменттің ТШО-ға қатысты талабы қанағаттандырылды.

Алайда жауапкер сот шешімдерімен келіспей, Жоғарғы сотқа оның күшін жою туралы апелляциялық шағым түсірді. Қарау нәтижесінде Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімдері заңды күшіне енді. Осылайша, бүгінде ТШО-дан мемлекет кірісіне 726 миллион 451 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

26 ақпан 2021, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.