Атырау, 12 қазан 23:14
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Борасында жоғалғандар құтқарылды

2 711 просмотра

ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 ақпанда сағат 20:17-де Мақат ауданынан мал іздеп кеткен азамат Б.Б үйге кері оралмағаны туралы хабарлама түсті. Мақат аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінің қызметкерлері іздеуге шығып, 23 ақпан сағат 00.44-те жоғалған азаматты Мақат-Индер темір жолынан 20 шақырым жерден тапты.

Оған медициналық көмек қажет болмай, үйіне жеткізілді.

22 ақпанда сағат 19: 08-де Жылыой ауданының Шокпартоғай ауылы мен Құлсары қаласы арасындағы жолда 4 адаммен «Нива» автокөлігі қар құрсауында қалып қойды деген хабарлама келіп түсті. Сағат жарым уақыттан кейін төтенше жағдайлар бөлімшесінің қызметкерлері оларды «Трекол» жол талғамайтын арнайы көліктің көмегімен құтқарып алды. Оларға да медициналық көмек қажет болған жоқ.

17-24 ақпан аралығында облыста мал іздеп немесе басқа да себептермен шығып кеткен 63 адам қарлы борасыннан құтқарылды. 

Айнұр САПАРОВА

25 ақпан 2021, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.