Атырау, 12 қазан 23:18
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Екі күнде - 50 шағын жол-көлік оқиғасы

2 676 просмотра

Соңғы екі күнде Атырауда ауа-райының қолайсыздығына байланысты 50-ден астам шағын жол-көлік оқиғалары тіркелді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 ақпанда 31, 23 ақпанда - 20 жеңіл жол-көлік оқиғасы болған.

22 ақпанда сағат 13:50 шамасында ВАЗ-21093 автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі ауа райын ескермей қозғалып, Береке ықшамауданында алдында тұрған тұрғын үй жанындағы Yutong көлігімен соқтығысқан.

Сол күні 21 жастағы Volkswagen Tiguan жүргізушісі Абай мен Махамбет көшелерінің қиылысында Kia Rio көлігімен соқтығысқан.

ПД жолда мұздың пайда болатынын ескертіп, жүргізушілерге метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, абай болуға кеңес береді.

Айнұр САПАРОВА

25 ақпан 2021, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.