Атырау, 12 қазан 23:19
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ескі қалаға «әлеуметтік-мәдени нысан» салынса, ол жер бұзылады

2 837 просмотра

Атырау қаласының ескі бөлігінің толық жоспарының жобасына сәйкес, ірі бизнес нысандары (мейрамханалар, сауда орталықтары және т.б.) сүрілмейді. Бұл туралы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы хабарлады. Бірақ мұның өте маңызды ерекшелігі бар...

Сәулет және қала құрылысы басқармасының ақпараты бойынша, қаланың ескі бөлігінің егжей-тегжейлі жоспарының жобасы Атырау қаласы әкімінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №56 қаулысымен бекітілді.

Ескі қаланың аумағы 300 гектар жерді алып жатыр және Бейбарыс, Құрманғазы даңғылдары, Құлманов, Жарбосынов көшелері мен Жайық өзені аралығында орналасқан.

Енді нюанс туралы. Егер белгілі бір жерде әлеуметтік-мәдени нысан құрылысы жоспарланған болса, онда осы жерде орналасқан ғимарат бұзылады.

- Жобаланатын аумақты дамыту перспективаларын ескерсек, әлеуметтік-мәдени нысандар салынса, бұзу ұсынылды, - деп жауап берді «АЖ»-ға сәулет және қала құрылысы басқармасы. Сөйтіп, ҚР Жер кодексінің 84-бабының 1-тармақшасына («Жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн айрықша жағдайларда, меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен мүлiктің тең құны өтелген кезде не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығарылуы мүмкін») сілтеме жасайды.

Біз қалалық әкімдікке «әлеуметтік-мәдени нысан» ұғымын нақтылау туралы сауал жолдадық. Атырау әкімінің орынбасары Жұмабек ҚАРАЖАНОВ қолы қойған жауапта былай жазылған:

«Әлеуметтік-мәдени нысандарға халыққа қызмет көрсететін нысандар жатады. Бұл осы жерге салынады деп жоспарланған мектеп, балабақша, мұрағат, емхана, спорт-сауықтыру кешені, саябақ және басқа нысандар, соның ішінде көппәтерлі үйлер. Қазір Тайманов, Гагарин, Пушкин, Жангелдин, Исенов, Шевченко, Жарбосынов және Ырыс көшелерінің периметрі бойынша орналасқан ескі және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жұмыстары жүргізілуде.

Алайда, республикалық, облыстық және қалалық маңызы бар тарихи нысандар бұзылуға жатпайды. Егер ғимараттың тарихи құндылығы болмаса, оның орнына әлеуметтік-мәдени нысан салуға болады. Мысалы, қаланың ескі бөлігіндегі бекітілген толық жоспарға сәйкес, «Шашлычный двор Арагви» кафесі бұзылады, оның орнына көп қабатты тұрғын үйді салу қарастырылуда. Бұзу туралы шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды».

Естеріңізге салсақ, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, бұзу жұмыстары жеті кезеңге бөлінген. Қазір бірінші кезең аяқталып, екінші басталады. Қалған кезеңдер бойынша жұмыстар бюджет қаражатының бөлінуіне қарай жасалады.

Қалалық әкімдіктің ақпараты бойынша, қазір бірінші және екінші кезеңдер бойынша бұзылған нысан иелеріне бюджеттен өтемақы ретінде жалпы сомасы 8 миллиард 196 миллион теңге төленді.

Айнұр САПАРОВА

25 ақпан 2021, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.