Атырау, 12 қазан 23:13
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Алыс сапарға шығудан аулақ болыңыз

1 902 просмотра

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат ЕРЖАНОВТЫҢ айтуынша, 23 ақпанда сағат 17:00-де "Қазавтожол" ҰК АҚ мен Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, көліктің барлық түрлеріне арналған барлық бағыттар бойынша республикалық, облыстық маңызы бар автожолдарды жабу туралы шешім қабылдады.

Бірақ барлық ескертулерге қарамастан, қар құрсауында техника қалғаны туралы деректер тіркелген. Мәселен, 23 ақпан күні Қызылқоға ауданында Сағыз станциясынан 10 шақырым жерде қар кептелісінде 3 жүк және 8 жеңіл автокөлік қалған, ішінде 34 адам болған, оның 5-уі кәмелетке толмаған балалар.

- Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, бағдарлау жұмыстары жасалды. Адамдар елді мекендерге тазартылған учаскеге жеткізілді. Осыған ұқсас жағдай Исатай ауданында да орын алды. 44 жастағы тұрғын 14 және 15 жастағы екі баласымен Аққыстаудан БҚО-ға қарай шығып, қар құрсауында қалған. Бір кездері олардан хабар болмай қалып, іздестіру-құтқару тобы құрылды. 24 ақпан күні сағат 15:30-да олар "Насихат" қыстағынан табылды, - деп хабарлады Ержанов. 

Оның айтуынша, отбасы мүшелерінің жағдайы  қанағаттанарлық, медициналық көмекті қажет етпеген.

ТЖД осы аптаның соңына дейін жауын-шашын, желдің күшеюі, боран мен бұрқасын күтілетінін ескертеді. Сондықтан бұл күндері алыс сапарға шығудан аулақ болу керек.

Айнұр САПАРОВА

25 ақпан 2021, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.