Атырау, 25 сәуір 21:59
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қалың қамыс суға кедергі

3 921 просмотра

Соңғы жылдары Қызылқоға ауданындағы Ойыл өзені мен жерасты суларының жоғала бастауы жергілікті тұрғындарды қатты алаңдата бастады. Төскейінде төрт түлік қоныстанған ауданда мал өсіру келешекте қиын болуы мүмкін екендігі сезіле бастағандай. Өзеннің арналары мен сағаларын қалың қамыс басып өз аз табиғи су жетпей, құрғақшылық жайлай бастаған.

Бірақ қыстың көзі қырауда да ауыл адамдары қарап қалып атқан жоқ. Ойыл бойындағы Қарабау, Қаракөл, Тасшағыл, Қоныстану, Жасқайрат, Жангелдин, Тайсойған, Миялы тұрғындары үндеу тастап, ну қамыстан арылу үшін оны қолдап шабуға кірісіп кетті. 

- Ол үшін адамдар қамыс шабатын орақ, т. б. өткір құралды пайдалануда. Қазірден бастап қимылдамасақ, өр суы келгенде кеш болады деп үндеп жатырмыз, - дейді ерікті ауыл тұрғындары.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

27 ақпан 2021, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.