Атырау, 13 қазан 05:23
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Балабақша қызметкерлері қаңтар айының жалақысын күтіп жүр

2 186 просмотра

Әлеуметтік желідегі қауымдастықтың бірінде мемлекеттік балабақша қызметкерлері жалақысының кешіктірілуі қызу талқылануда.

Желі қолданушының бірі тәрбиешілер қаңтар айындағы жалақыларын әлі ала алмай жүргенін жазды. «AЖ» қала әкімдігінің баспасөз қызметіне осы мәселе бойынша сауал жолдап, мынадай жауап алды:

«Қайта тіркеуден кейін және хабарламалар порталға жарияланғаннан кейін балабақшалардың құжаттарын өңдеу біраз уақытты алды. Балабақша ұжымдарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 11 балабақшаның қызметкерлеріне жалақы төленіп жатыр, осы аптаның соңына дейін қалған басқалары түгел қаңтар айының жалақысын алады».

Бұл жерде қайта тіркеу деп, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің облыстық басқарма бақылауына берілуі айтылып отыр. Өткен жазда Білім министрі Асхат Аймағамбетов қалалар мен аудандардың білім бөлімдерін басқару мен қаржыландыру облыстық деңгейге өтеді деп айтқан болатын. Тек қайта құру онсыз да мардымсыз жалақы алатын адамдарды біраз уақыт жалақысыз қалдырғаны өкінішті.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

11 ақпан 2021, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.