Атырау, 5 желтоқсан 09:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мүйізін алу үшін қаншама киікті қырған

Сурет Бейнежазба
3 207 рет қаралды

6 ақпан күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер Геолог ықшамауданындағы тұрғын үйдің ауласында "ВАЗ-21014" маркалы екі көліктің ішінен барлығы 364 дана киік мүйізін тапты.

Көліктердің бірінен 200 дана киік мүйізі және еш жерде тіркелмеген қос ұңғылы "ТОЗ-16" маркалы аңшы мылтығы, екінші көліктен 164 дана киік мүйізі мен  рұқсат құжаттары жоқ "Байкал МР-512" маркалы қару тәркіленді.

23 жастағы екі тұрғынға ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-тармағы ("Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды

11 ақпан 2021, 22:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.