Биыл қыста жөнді қар жауған жоқ, жаңбыр да аз болды, сондықтан Индер ауданындағы каналдар сусыз қалып, мал суаратын су тапшылығы қинап тұр.
- Егер каналға су айдамаса, онда мал көз алдымызда қырылып қалады! - дейді Өрлік ауылының тұрғыны Жоламан ФАЗЫЛОВ.
Есбол, Елтай селолық округтерінде де осындай жағдай. Шаруалар бұл қиындықты округ әкімдеріне жеткізіп, көмек сұрауда.
- «Бағырлай», «Ақсай», «Алғабас-Жорық» каналдарындағы су азайғаны рас. Жасанды каналда да су жоқ. Негізі күн суытқанша каналдарға су жіберіліп тұрды. Өткен жылы су айдау құны 93 млн теңгеге шықты, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сәулет ЕСЕТОВ. - Биыл қар болмағандықтан мал каналдарға бас қойып, түбіне түсіп кетіп, өліп қалып та жатыр. Негізі «ҚазСушар» РМК Атырау филиалы сәуірден бастап каналдарға су жіберетін. Бірақ, қазіргі жағдайға байланысты енді он шақты күн ішінде су беріледі. Қазір сораптар мен моторларды дайындау жұмыстарына кірісіп кетті.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор
В Атырау +2 


