Атырау, 14 қазан 08:09
 дождьВ Атырау +18.5
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

Атырауда

Оқиғалар тізбегі Атырауда

Оқиғалар тізбегі

«Мотоцикл» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 22 сәуірде сағат 23:40 шамасында Махамбет көшесіндегі №116 үйдің жанында патрульдік полиция қызметкерлері скутерді тоқтатты. Оның жүргізушісінің куәлігі жоқ екен. Ал 5 жылдан бері ҚР-да мопед пен скутерді тіркеу және жүргізуші куәлігінің болуы міндеттелді. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі («Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны басқаруы») бойынша хаттама толтырылып, 58 340 теңге көлемінде айыппұл салынды. Скутер арнайы тұраққа қойылды. 28 сәуір 2021, 10:55 3 759 рет қаралды
Жаңа жерүсті өткелі енді баршаға қолайлы ма? Атырауда

Жаңа жерүсті өткелі енді баршаға қолайлы ма?

Сәтпаев даңғылындағы жаңа жерүсті өткелінің тым биік екендігі, ал арнайы лифтіні магнит кілттің көмегімен тек мүгедектер ғана пайдалана алатыны туралы «АЖ» жарияланымынан кейін Атырау әкімдігі лифтінің қажет болған жандардың бәрі үшін жұмыс істейтінін хабарлады. 28 сәуір 2021, 10:41 3 229 рет қаралды
Апатқа ұшыраған атыраулық «Титаниктің» 60 жылдығына орай «АЖ» не туралы жазды

Апатқа ұшыраған атыраулық «Титаниктің» 60 жылдығына орай

Бұл трагедия 1961 жылы 2 мамырда – тура 60 жыл бұрын болды. Сол кезде «Бүкіл еңбекшілердің ынтымақтастығы күніне» орай жолаушылар катерімен Жайық бойында серуендеу арқылы мерекені атап өтетін. Оның үстіне көктемнің нағыз ортасы болатын, 1 мамыр мерекесінен кейін адамдар көңіл көтеруді жалғастырмақ болған. Өкінішке орай, бұл ондаған адамды ажал құштырған қайғылы оқиғаға ұласты. 28 сәуір 2021, 03:19 6 921 рет қаралды
Каспий түбі қазылатын болды, мердігер де анықталды Атырауда

Каспий түбі қазылатын болды, мердігер де анықталды

NCOC компаниясы Каспий теңізінің түбінен кеме қатынасы каналын салғалы жатыр деген хабар тұрғындарды дүр сілкіндірді.  Дегенмен, мұны жаңалық деуге келмес - «Қашаған кен орны нысандарын жайластыру. Теңіз кешені. Теңіздегі кеме қатынасы каналдары» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар былтыр қыркүйектің соңында өткен еді. 28 сәуір 2021, 02:20 5 068 рет қаралды
"56 жасқа келген мені «Арнаулы автобаза» бірден жұмысқа алды" Атырауда

"56 жасқа келген мені «Арнаулы автобаза» бірден жұмысқа алды"

Жел ұшыра ма, әлде тазалық мәдениетінен жұрдайлардың ісі ме, Атыраудың көшелері қоқысқа толы. «АЖ» осыған қатысты «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмас ИЗТЕЛЕУОВКЕ бірнеше сұрақ қойды. Сурет Бейнежазба 27 сәуір 2021, 13:06 4 485 рет қаралды
Cот хроникасы Оқиға

Cот хроникасы

Құрманғазы аудандық соты Б.С.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-тармағы бойынша («Тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен балық аулау қағидаларын өрескел бұзу») әкімшілік істі қарады. Сот оның биыл наурыз айында Қиғашта тыйым салынған «экран» құралымен балық аулағанын анықтап, 40 838 теңге көлемінде айыппұл салды. Құрал тәркіленіп, жойылды. 27 сәуір 2021, 11:39 4 045 рет қаралды
Қазір әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы қандай? Экономика

Қазір әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы қандай?

Қазір Атырауда күнбағыс майының шекті бағасы литріне 686 теңге, 1-санаттағы он жұмыртқа 444 теңге болып белгіленді. Бұл туралы брифингте қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан ДӘУЛЕТОВ мәлімдеді. 27 сәуір 2021, 15:43 5 451 рет қаралды
Қызғалдақ көрсең - үзіп алма. Ол "Қызыл кітапқа" енгізілген болуы мүмкін Атырауда

Қызғалдақ көрсең - үзіп алма. Ол "Қызыл кітапқа" енгізілген болуы мүмкін

Жақында Қазақстан полициясының сайты Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген алты дана қызғалдақ үзіп алған ер адамның ұсталғанын және ҚР ҚК 339-бабы бойынша («Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу») оған 8 млн 751 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы, тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін екенін хабарлады. Алты қызғалдақ үшін сонша жазалай ма?! – деп сұрайтын шығарсыз. "Иә, осындай", - деп растады Атырау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясындағылар. Сурет 26 сәуір 2021, 17:42 6 232 рет қаралды
Жаңа жерүсті өткелі бәріне қолайлы емес Атырауда

Жаңа жерүсті өткелі бәріне қолайлы емес

Атырауда Сәтпаев даңғылында музыка академиясының жанында жерүсті өткелі ашылды. Тиісінше, жолдағы «жолақ» алынып тасталды. Алайда өткел егде жастағы адамдар үшін өте биік орналасқан, ал лифтіні пайдалану үшін магнит кілт болуы керек. Сурет Бейнежазба 26 сәуір 2021, 14:24 3 202 рет қаралды
Макс Боқаев тағы да алаңға шықты Атырауда

Макс Боқаев тағы да алаңға шықты

24 сәуірде азаматтық белсенді Мақс Боқаев тағы да Махамбет пен Исатай орталық алаңына шықты. Оның қасында Қазақстандық адам құқығы жөніндегі бюросы Атырау филиалының жетекшісі Әсел НҰРҒАЗИЕВА және қоғам белсендісі, «Ембімұнайгаз» ардагері Оқиза МАХАМБЕТОВА болды. М.Боқаевтың айтуынша, онымен бірге тағы екі жігіт келген. 26 сәуір 2021, 10:40 3 135 рет қаралды
​Заңсыз қазылған карьер игерілмей қалды​ Атырауда

​Заңсыз қазылған карьер игерілмей қалды​

19 сәуірге қараған түні Атырау полиция басқармасының қызметкерлері Береке ауылының маңында, Жайықтың жағасында заңсыз қазылған карьерді игерумен айналысқан «КамАЗ» және экскаватор-тиегіш жүргізушілерін анықтады. 25 сәуір 2021, 01:13 3 754 рет қаралды
Барлау және өндіру учаскелеріне қатысты екінші аукцион өтті, оның екеуі – Атырау облысына тиесілі Атырауда

Барлау және өндіру учаскелеріне қатысты екінші аукцион өтті, оның екеуі – Атырау облысына тиесілі

23 сәуірде көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған екінші онлайн-аукцион өтті. Бұған дейін аукционға 15 жер қойнауы учаскесі қойылатыны хабарланды, алайда бүгін тек 8-не ғана өткізілді, қалған 7-і қатысушылардың «кворумының» болмауына байланысты әзірге тізімнен шығарылды. 24 сәуір 2021, 15:55 4 523 рет қаралды
Теңіздің жолында вахташыларды әкеле жатқан автобус жол апатына ұшырады Атырауда

Теңіздің жолында вахташыларды әкеле жатқан автобус жол апатына ұшырады

Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасынан кейін түсірілген бейнежазба тарады: автобус пен үстінде ассенизаторы бар «КамАЗ» көлігі жолдын екі жағына шығып кеткен. Бейнежазба 23 сәуір 2021, 17:58 4 789 рет қаралды
«Нәрестенің өлімі туралы іс»: дәрігерлердің апелляциясы басқа облыстың сотына жіберілуі мүмкін Атырауда

«Нәрестенің өлімі туралы іс»: дәрігерлердің апелляциясы басқа облыстың сотына жіберілуі мүмкін

22 сәуірде «Нәрестенің өлімі туралы іс» бойынша апелляцияны қарайтын Атырау облыстық сотының қылмыстық істер бойынша кезекті, әлде соңғы алқа отырысы өтті. Залда осыдан бұрын сотталғандардың бесеуі де болды – перинаталды орталықтың дәрігерлері Қуаныш НЫСАНБАЕВ, Асқар ҚАЙЫРЖАН, Руслан НҰРМҰХАНБЕТОВ, Дариға ЖҰМАБАЕВА және Жәмила ҚҰЛБАТЫРОВА, сондай-ақ адвокаттар Нұрлан ЖОЛБОЛОВ пен Талғат МҰҚАТАНОВ қатысты. 23 сәуір 2021, 01:35 4 440 рет қаралды