Атырау, 12 қазан 03:21
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жаңа жерүсті өткелі бәріне қолайлы емес

Сурет Бейнежазба
2 955 просмотра

Атырауда Сәтпаев даңғылында музыка академиясының жанында жерүсті өткелі ашылды. Тиісінше, жолдағы «жолақ» алынып тасталды. Алайда өткел егде жастағы адамдар үшін өте биік орналасқан, ал лифтіні пайдалану үшін магнит кілт болуы керек.

Әкімдіктің хабарлауынша, мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындары лифтіні пайдалану үшін магнит кілттерді тегін ала алады. Алайда қарттар мен кішкентай балалары бар, арба ұстаған әйелдер туралы ештеңе айтылмады.

Шынында да өткелден өздігімен көтерілу оңай емес. Бұған «АЖ» тілшісінің өзі көз жеткізді. Қарттар жоғарыға жастардың көмегімен көтерілді. Ал арба ұстаған әйелдер жаяу жүргіншілер жолы бар «Рауан» сауда орталығымен айналып баруға мәжбүр болды.

- Өте биік әрі ыңғайсыз. Мен арбамен көтеріле алмадым, бірақ қарт адамдар, жүкті әйелдер, денсаулығы нашар адамдар да бар ғой. Жобалау кезінде осы факторлар неге ескерілмеген? Сондай-ақ, мүгедектерге «Өнерпаз» сауда орталығынан лифтінің кілтін алу керек дегенді естідім – оларға ол жерге жетудің өзі қиын, - дейді қала тұрғыны Гүлбану ЖАУЫМБАЙ.

Айта кету керек, жерүсті өткелін 2016 жылы салу жоспарланған болатын, алайда мүгедектерге пайдалануға ыңғайлы болу үшін жобаға өзгеріс енгізілді. Өткен жазда карантинге байланысты құрылыс материалдары мен жұмыс күшін жеткізуде қиындық туындады. Құрылыс 2020 жылдың қазан айында аяқталды, осы уақытқа дейін тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану режимінде жұмыс істеп келді.

Өткел Алматыда дайындалған металл конструкциялардан жасалған. Өткелдің ұзындығы 50 метр, биіктігі 5 метр.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

26 сәуір 2021, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.