Атырау, 12 қазан 03:19
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Судың да сұрауы бар

Бейнежазба
3 423 просмотра

Қызылқоға ауданы Қарабау ауылының бір топ тұрғыны «Мұздыбұлақ-Қарабау» топтық су құбырын пайдаланудағы өрескел заң бұзушылықты алға тартып, шағымдарын жеткізді.

Мұздыбұлақ жерасты су көзінен су алатын «Мұздыбұлақ-Қарабау» топтық су құбырын 2012 жылдан бері «АсылАгро» ШҚ сенімгерлік басқаруға алған. Қарабаулықтар бұл ШҚ басшысы топтық су құбырынан бөлек жеке құбыр шығарып қыстағына тартып, бағымындағы мың шақты төрт түлік малын суарып жүргеніне наразылық білдіріп, бұл озбырлықты тоқтатуды талап етті. Келісімшартқа сәйкес шаруа қожалығы қыста тәулігіне 50 тонна, ал жаз мезгілінде 120 тонна су босатуға міндетті. Қарабау тұрғындарының айтуынша бұл су онсыз да жетпей отыр, оның үстіне ауыз суымыз мал суаруға кетіп жатыр.

- Егер ауыз суымызды үнемдемесек, болашақ ұрпағымызға не қалады? Мына шаруа қожалығы суды өз қажеттілігіне пайдалданып отырғанына көз жұмып, қарап отыруымыз керек пе? Бұл мәселені ешкім шешпесе, өзіміз шешімін табамыз – қосымша құбырды тыйып тастаймыз, - дейді өздері ұйымдастырып, билік басшыларын шақырған кездесуге жиналған Қарабаудың тұрғындары.

Олар сенімгерлік шартының мерзімі аяқталуы жақын, биылдан бастап осы топтық су құбыры мен ауылішілік су құбырын республикалық меншікке беру жұмыстары жүріп жатыр деді. Бірақ, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жарас ЕСЕНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, қазір ШҚ басшысы қосымша тартылған су құбырын алып тастап, құдық қазу жұмыстарын жүргізіп, жерасты суын пайдалануға кіріскен.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

28 сәуір 2021, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.