Атырау, 13 қазан 19:48
 дождьВ Атырау +25.5
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Атырауда Сәтбаев даңғылында болған түндегі жол апатынан жеті адам зардап шекті

124 рет қаралды

13 қазанда сағат 00:20 шамасында Қаныш Сәтбаев даңғылындағы автосалон жанында Opel Astra мен Kia K5 автокөліктері соқтығысты. Қатты соққыдан көліктердің бірі жол жиегіне ұшып кетіп, бағдаршам мен жол белгісіне соғылған.

Оқиға орнынан облыстық ауруханаға жеті адам жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық тексеруден кейін олардың барлығы қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне жіберілді.

Полиция департаменті ЖКО дерегі бойынша қажетті материалдар жиналып жатқанын хабарлады. Соқтығысу себептері анықталып жатыр. Автокөлік тізгінінде кімдер болғаны әлі нақтыланған жоқ.

Бүгін, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.