Атырау, 13 қазан 18:25
 дождьВ Атырау +25.5
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

​Атырауда абаттандыру талабын бұзған 5 мыңнан астам дерек анықталды

Бейнежазба
91 рет қаралды

Атырауда жыл басынан бері «Таза Қазақстан» аясында абаттандыру қағидаларын бұзған 5 110 дерек анықталды. Бұдан бөлек, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 286 дерегі тіркелді, деп хабарлады Атырау облысы полиция департаменті. 

Ведомствоның мәліметі бойынша, 94 жеке және заңды тұлға бір жыл ішінде абаттандыру қағидасын екінші рет бұзған. Барлық дерек бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Мәселен, 11 қазан күні сағат 16:21 шамасында Атырау қаласындағы Азаттық көшесінде 1974 жылы туған ер адам қоқыс тастауға арналмаған жерге қоқыс қалдықтарын шығарып тастады. 

Сонымен қатар, 28 қыркүйек күні Құрманғазы ауданының Қыдыр ата көшесіндегі үйлердің артында орналасқан қоқыс контейнерлерінің уақытылы тазаланбағаны анықталды. Аумақты күтіп ұстауға жауапты мекемелердің бірі өз міндеттерін тиісінше орындамағандықтан, контейнерлер шамадан тыс толып, тұрмыстық қалдықтар айналаға шашылған.

Тексеру нәтижесінде аталған мекеменің осы кемшілікті бір жыл ішінде қайталап жасағаны анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қоқыс пен өзге де қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, тұрғындарды тазалық және абаттандыру қағидасын сақтауға шақырады. 


Бүгін, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.