Атырау, 12 қазан 03:26
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Макс Боқаев тағы да алаңға шықты

2 684 просмотра

24 сәуірде азаматтық белсенді Мақс Боқаев тағы да Махамбет пен Исатай орталық алаңына шықты. Оның қасында Қазақстандық адам құқығы жөніндегі бюросы Атырау филиалының жетекшісі Әсел НҰРҒАЗИЕВА және қоғам белсендісі, «Ембімұнайгаз» ардагері Оқиза МАХАМБЕТОВА болды. М.Боқаевтың айтуынша, онымен бірге тағы екі жігіт келген. 

Бұл жолы Боқаев тіркеуден өтпеген Демократиялық партияның белсендісі және көшбасшысы Жанболат МАМАЙ мен екі күн бұрын сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынған Аққыстау ауылының тұрғыны Бекболат МҰХАНАЛИЕВТІ қолдап шықты. Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабының 7-тармағы («ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, митингілер, демонстрациялар ұйымдастыру») бойынша айып тағылды.

Боқаев алаңға «Саяси репрессиялар тоқтатылсын» деген жазуы бар плакатпен шықты. Оның айтуынша, ол Мамайды жеке білмейді, бірақ жүздеген пікірлестермен бірге жер комиссиясының құрамын өзгерту және жерді шетелдіктерге беруге тыйым салатын заң жобасын қайта қарау туралы талаппен шыққан Мамайды қолдайды. 

- Ал Бекболат әлеуметтік желіде жер мәселесіне қатысты өз пікірін білдіргені үшін ғана қамауға алынды. Мен оның ұстанымын қолдаймын және оның босатылуын талап етемін, - дейді Боқаев.

Естеріңізге салсақ, сәуірдің ортасында Nur Otan партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары шетелдіктерге жер құқығын иелену үшін Жер кодексінің жобасында олқылық қалдырғаны белгілі болды. Оны шетелдіктерге «ағаш өсіру үшін» 25 жылға дейін жалға ұсынылуы мүмкін. Бұл нұсқаны Парламенттің төменгі палатасы мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді.

- Мұны депутаттар қателесіп немесе әдейі жіберді ме, бізге белгісіз, бірақ жер мәселесінде өте абай болу керек, - дейді Макс.

Айнұр САПАРОВА

Әсел Нұрғазиева ұсынған сурет

26 сәуір 2021, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.