Атырау, 12 қазан 03:23
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Құлсарыда суға кеткен баланы іздестіру жұмыстары жүріп жатыр

Толықтырылды Сурет Бейнежазба
3 279 просмотра


26 сәуірде 19 сағат шамасында Құлсары қаласында 9 жасар бала Құрсай өзеніне батып кетті.

Аудандық ТЖ бөлімшесінің бастығы Нариман ӨТЕШОВТЫҢ айтуынша, денесі әлі табылған жоқ, сүңгуірлер іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Сағат 20:35-те хабар келгеннен кейін суға батқан баланы іздеуге сүңгуір жасағы жіберілді. Олар 1,5 сағат іздеу жұмыстарын жүргізді. Қараңғы түскесін қауіпсіздік шараларына байланысты сүңгуірлердің жұмысы тоқтатылды. Алайда, қайық, ау-тор арқылы іздеу жалғасып жатыр. Оған  құтқарушылар, туыстары және еріктілер қатысуда. 

27 сәуірде сағат 6.35-те сүңгуірлер іздеуді қайта жалғастырып, сағат 6.38-де Құрсайдан  9-жасар Бексұлтан БОПЕЖАННЫҢ денесі суға батып кеткен жерден 15 метр қашықтан табылды. Баланың денесін туыстары бірден алып кетті.



Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны куәгерлер жіберді

27 сәуір 2021, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.