Атырау, 30 қараша 10:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Атырауда 50 мың пара алғысы келген полицейлерге үкім шықты

4 283 просмотра

№ 2 қалалық сотта Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Г.Шариев пен Е. Орынбаевқа қатысты үкім жарияланды.

ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 1,2-тармағы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы қорқыту жолымен пара алу») бойынша оларға тиісінше сержант және кіші полиция сержанты атақтарынан айыра отырып, 1,7 млн теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, бұл сотталғандар ҚР ҚК 339-бабы ("Пайдалануға тыйым салынған жануарлар түрлерін заңсыз пайдалану") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін  50 мың теңге көлемінде пара беруге бопсалаған.

Сот материалдарына сәйкес, 22 наурызда теміржол вокзалында рентген аппараты арқылы тексеру кезінде сөмкелердің бірінен салмағы 4,6 кг екі бекіре балығы табылды. Сөмкенің иесін екінші қабатқа желілік полиция қызметкерлеріне жеткізді, ал олар оған жемқорлық «келісімін» ұсынды.

Қылмыстық жүк тасымалдаған азаматқа қатысты жеке қылмыстық іс көтерілді. 

Айнұр САПАРОВА

24 сәуір 2021, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.