Атырау, 12 қазан 03:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жаңа жерүсті өткелі енді баршаға қолайлы ма?

3 039 просмотра

Сәтпаев даңғылындағы жаңа жерүсті өткелінің тым биік екендігі, ал арнайы лифтіні магнит кілттің көмегімен тек мүгедектер ғана пайдалана алатыны туралы «АЖ» жарияланымынан кейін Атырау әкімдігі лифтінің қажет болған жандардың бәрі үшін жұмыс істейтінін хабарлады.

Әзірге ол жерде лифтіші жұмыс істейді, ал келесі аптада шақыру батырмасы орнатылады, деп уәде берді әкімдік.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын қала билігі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға лифтіні пайдалану үшін магнит кілттер беріледі деп хабарлаған болатын. Ал қарттар мен кішкентай балалары бар, балалар арбасын сүйреген әйелдер мен көтерілуі қиынға соғатын басқалар үшін ештеңе айтылмай, бұл жұртшылықтың түсінбестігін тудырған еді.

Фархат ӘБІЛОВ

28 сәуір 2021, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.