Атырау, 23 қараша 20:17
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Нәрестенің өлімі туралы іс»: дәрігерлердің апелляциясы басқа облыстың сотына жіберілуі мүмкін

4 032 просмотра

22 сәуірде «Нәрестенің өлімі туралы іс» бойынша апелляцияны қарайтын Атырау облыстық сотының қылмыстық істер бойынша кезекті немесе соңғы алқа отырысы өтті. Залда осыдан бұрын сотталғандардың бесеуі де болды – перинаталды орталықтың дәрігерлері Қуаныш НЫСАНБАЕВ, Асқар ҚАЙЫРЖАН, Руслан НҰРМҰХАНБЕТОВ, Дариға ЖҰМАБАЕВА және Жәмила ҚҰЛБАТЫРОВА, сондай-ақ адвокаттар Нұрлан ЖОЛБОЛОВ пен Талғат МҰҚАТАНОВ қатысты.

Барлық сотталғандар мен қорғаушы тараптар бірінші сатыдағы сотқа төрағалық еткен Гүлмира ДӘУЛЕТОВА кіретін алқа құрамына сенімсіздік танытатыны туралы тағы да мәлімдеді және қылмыстық істі қарауды еліміздің басқа өңірінің сотына беру туралы өтінішті растады. Үкім заңды күшіне енбестен бұрын облыстық соттың баспасөз қызметі ведомстволық сайтта жариялағанына, сондай-ақ судья Дәулетова оны БАҚ-та түсіндіргеніне байланысты сотқа деген сенімсіздік білдірді.

- Екі жәбірленуші қатысуы керек. Неге мұнда тек Тұрымбетова бар, ал Молдағалиева жоқ? Неліктен судья Дәулетова үкім заңды күшіне енгенге дейін түсініктеме берді? – деп облыстық перинаталды орталықтың бұрынғы директоры Қ.Нысанбаев ашуланды. - Менің ойымша, бәрі алдын-ала жазылған, біз босқа тұрмыз.

Сот алқасының төрайымы Тәтті УӘЛИЕВА апелляциялық шағымды қарауға қатысуды немесе қатыспауды жәбірленушілер таңдайтынын түсіндірді:

- Сот алқасы оларды жауап алу қажет болған кезде ғана қатысуға міндеттейді.

Тараптардың пікірін тыңдаған сот алқасы істі басқа облыстық соттың қарауына қатысты өтінішті Жоғарғы Соттың кассациялық алқасына беру туралы қаулы шығарды. Осымен сот отырысы жабық деп жарияланды. 

Айнұр САПАРОВА

23 сәуір 2021, 01:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.